Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4451 0 пікір 14 Сәуір, 2015 сағат 18:10

МҮМКІН ЕМЕС ҚАЛУЫМ ЕСКЕРУСІЗ

Кеше ғана ортамызда жарқылдап жүрген ақын, аудармашы, «Ақ құс» және Физули атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Әбілдә Аймақ ел-жұртының есінде мәңгі сақталатын тұлға. Оны көзі тірісінде сезгендей-ақ, «Мүмкін емес, өлуім ескерусіз, өскеннен соң өлеңнің сүтіменен» деп ақ қағазға қалам тербепті.

Сәуірдің 13-і күні ақынның туған күніне орай, Оңтүстік Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана ұжымы Әбілдә Аймақты еске алу кешін ұйымдастырды.

Кешке ақынның қаламдас достары, шәкірттері, студенттер мен жалпы оқырман қауым қатысты. Еске алу кешінің қонақтары − М.Байғұт, Қ.Байдулла, Н.Бегалы, З.Қыстаубайұлы, А.Кендебай, С.Сахабат, С.Нұрманұлы,  Б.Алдияр, ақынның жұбайлары Озипа Құралова мен Ақмарал Қыпшақбаева жеңгелер қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында, азаматтығы турасында жастарға әңгімелеп берді. Кітап көрмесі жасақталып, деректі фильм көрсетілді. Жастар жалынды жырларын оқыды.

− Ақын Әбілдә ағамыздың жарқын бейнесі көз алдымыздан кетпейді. Ол кітапханамызға жиі-жиі бас сұғып, ақын-жазушылардың әдеби шығармашылық кештерін өткізуге өзі ұйытқы болатын, әрі басы-қасында жүгіріп жүретін. Қымбатты оқырмандар, жастар! Ақынның өмірі мен шығармашылығын тану мақсатында кітапханамызға келіп тұрыңыздар!− деді облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана директоры Ш.Дінәсілова.

Кешті қызықтаған оқырман қауым рухани ләззәт ала алды. Ақынды еске алу кеші шығармашыл жастардан құралған Шымкент қаласындағы «Темірқазық» түнгі кітапханасының кезекті отырысына жалғасты.

Гүлдария ӘШІРБАЕВА,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1790
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1780
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1499
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1397