Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5340 0 пікір 30 Қыркүйек, 2010 сағат 07:17

Жақсылық неден жаңылды

Билік эшалонындағы кәнігі кадр саналатын тағы бір министрдің орынтағы шайқалып кетті. Қаржы полициясы Жақсылық Досқалиевке мансабын асыра пайдаланды деген айып тағып отыр. Айыпқа бес жыл бұрынғы ректор кезінде Астанадағы Медицина академиясының жер телімін коммерциялақ құрылыс салуға бөліп бергені негіз болыпты. Дегенмен, мұның шындыққа қаншалықты жанасатыны әлі анықталған жоқ. Сондықтан қойдан қоңыр көрінетін, өз ісінің шебері саналатын Жақсылық Досқалиев мансабын асыра пайдаланып, мемлекетке зиян келтірді дегенге Мәжілісіте мәжілістес болған депутаттар да, қоғам да сенбей отыр.
Қаржы полициясының қарқыны қатты. Олар министрге мін боларлық салмақты себеп табамыз деп құлшынып отыр. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ауруханаларды адақтап, құрал-жабдық сатып алуға арналған тендерлерді тергеп, қаржы-қаражатқа қатысты қандай да бір кемшілік табамыз деп уәдеге бергісіз сөздерін айтты. Жемқорлықпен күресіп жүрген жігіттердің жіті назарына түскен Жәкеңнің жайы енді шынымен де қиын болар. Соттың оны тұтқындауға санкция бермей қоюы Қаржы полициясының қатты қытығына тиген секілді. Олар Жақсылық Досқалиев Канадаға қашу үшін виза аштырып қойғанын жар сала жеткізді. Бірақ министрлік өкілдері оның визаны іс-сапарға шығу үшін аштырғанын айтып отыр.

Жақсылық Досқалиев инсульт болып жарты денесі жансызданып қалыпты деген хабар бар. Оның адам болып кетуі енді бағыныштыларының бабына, өзінің бағына байланысты болмақ. Біз зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқандықтан кімнің ақ, кімнің қара екенін соттың шешіміне дейін айтап алмаймыз. Бірақ болжам жасауға құқығымыз бар. Біздің ойымызша бұның саяси мәні күштірек секілді. Сондықтан, министр мырзаның денсаулығы түзелгенімен, бостандығы күзелетіні сөзсіз.
Тек өкініштісі, осының бәрі онсыз да «құрт ауруынан» өкпесі өшіп, жүрек-тамыр аурулары жастарға көшіп, әйелдер мен сәбилердің өлімі жиілеп, түрлі тұмау түйнеп, ауру-сырқауы асқынып тұрған қоғамымыздың денсаулық саласы таяу күндері еңсесін көтере алмайтынын айтып тұрғандай.

Абай ақпарат

0 пікір