Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5056 0 пікір 18 Сәуір, 2015 сағат 11:42

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ – ҒАЛАМТОРДА

Биылғы президенттік сайлауда интернет-технологиялар басымдық танытуда.

Биылғы президенттік сайлаудың өзге сайлаулардан басты айырмашылығы – сайлауалды науқанда интернет-технологиялардың басымдығы. Әр түрлі интернет-технологиялар сайлау үрдісін қызықты әрі тартымды етуге бағытталған. Қазіргі сайлау науқанында белсенді сипатқа ие болып келе жатқан интернет-технологиялардың бірі – коммерциялық емес, мемлекеттік емес election2015.kz сайты. Бұл сайттың мемлекет не партия өкілдерімен емес, азаматтардың қолдауымен пайда болғанын ерекше атап өту керек.

Бұл сайт қызықты сайлауалды сараптама, бейнематериалдар мен әлеуметтік сервистерден сайлауалды тақырып бойынша жаңалықтарды жинақтауға бағытталған. Сонымен қатар, сайтта оқырмандар кандидаттардың саяси платформасын талқылап, сайлауға қатысты өзінің пікірлерін бере алады. Бұл қоғамдағы азаматты белсенділікті жоғарлатуға өзіндік септігін тигізеді.

Президенттік сайлау науқанына арналған арнайы сайттың пайда болуы – сайлау технологияларының жаңа деңгейге ие болғанын көрсетеді. Бұл соңғы жылдары көптеген мемлекеттердің сайлау науқанында орын алған трендтердің бірі. Мысалға, 4 сәуірде Ұлыбританияда да 7 мамырда өтетін парламенттік сайлауға арналған арнайы сайт құрылған болатын.

Сондай-ақ, интернет-технологиялар арқылы тек сайлау туралы ғана ақпарат беріп қана қоймай, қоғамдағы азаматтардың электоральды мәдениетін де дамытуға болады. Мысалға, наурыз айында бастау алған «EL.kz» әлеуметтік желісі арқылы жүргізіліп жатқан «Сенің дауысың – сенің болашағың» постерлер байқауы осы мақсатқа бағытталған.

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, саясаттанушы.


Abai.kz  

0 пікір