Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4441 0 пікір 1 Мамыр, 2015 сағат 22:39

ЗЫРЯНДЫҚТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Кеше Шығыс Қазақстан облысында қардың шұғыл еруі мен жаңбырдың әсерінен Бұқтырма өзініндегі судың деңгейі көтеріліп, бірнеше елді мекенді су басып қалды.

Нақты айтқанда, жеті елді мекенді су басып, адамдары Зырян қаласына уақытша көшіріліп, қонатын жер мен тамақ берілді.

Көршілес Ұлан ауданының тұрғындары зыряндықтардың қайғысына ортақтасып, тасқын су басқандарға бес тонна картоп пен көкөніс, 1,5 тонна жарма өнімдерін, екі тоннадан артық картофель мен көкөністер, 650 келі өсімдік майын, 300 келі қант және басқа да азық-түлік жіберді. Сонымен қатар жылы киімдер де жиналып, мұқтаж адамдарға жолданды.

ШҚО Ұлан ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

Абай-ақпарат.

0 пікір