Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7314 0 пікір 2 Мамыр, 2015 сағат 01:13

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЛАҒМАН АЛМАТЫДА ПІСІРІЛДІ

1 мамыр күні Алматыда ұйғырдың дәстүрлі тағамы – лағман «бұған дейін әлемде болмаған» ең үлкен мөлшерде әзірленіп, Гиннестің рекордтар кітабына жаңа рекорд ретінде ұсынылды. 30 аспаз әзірлеген лағман салмағы 680 килограмм болғанын Guinness World Records компаниясының өкілі Бенджамин Бэкхаус тіркеп жазып алды.

Лағман мен оның тұздығы бірнеше үлкен ыдыста дайындалды. Сонан кейін барлығын бір ыдысқа салып өлшеді. Бұдан соң рекорд лағманнан осы шараны тамашалауға келген жұрттың бәрі ауыз тиді.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде әзірленіп, жаңа рекорд орнатқан лағманды «Достық лағманы» деп атады. «Әлемдегі ең үлкен лағман» жасау бастамасына Қазақ география қоғамы мұрындық болған.

Дереккөз: www.azattyq.org

 

Абай-ақпарат

0 пікір