Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Қорған 5377 0 пікір 5 Мамыр, 2015 сағат 17:16

«ҚАУІПСІЗ ҚАЛАДАҒЫ» ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС

Алматы мен Астана шаһарларында «Қауіпсіз қала»бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әкімшілік, ішкі істер орындары мен мамандандырылған фирмалар көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне (подъезд) бейнебақылау камераларын орнатып жатыр. Қылмыспен күресті сылтау етіп, билік тізгінін ұстағандар қалалық тұрғындарды осылайша тәулік бойы қадағалауға кірісуде. Әйткенменде, ысылған қарақшы бейнекамераны сындырып кете алады немесе бетін бүркеп алып арам  ниеттерін іске асыра бермек. Өйткенікамералар бейне түсіретін аспаптар ғана болып табылады. Күдікті біреулер әлгі камералардың астынан ебін тауып өтіп кетсе, ешбір күзетші дабыл қағып, тәртіп сақшылары қылмысты оқиға болған жерге жетіп келмейді.  Алайда,  аула мен кіреберісіңізді тәулік бойы бақылайтын бейнекамера жұмыс істеп тұрады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-ші бабы бойынша,әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауы тиіс. Ал, әкімшілік пен полиция «Қауіпсіз  қала» бағдарламасының бейнежазбаларын шектеусіз пайдалана береді. Британ жазушысы Джордж Оруэллдың тоталитарлық болашақты суреттейтін «1984 жылы» романында қанаушы таптар орнатқан бейнебақылау жүйесі мынадай ұранымен жүргізіледі: «Ағай сені қадағалап тұр» («Big Brother Is Watching You»). Аталған романның бейшара кейіпкерлері бейнабақылау камераларының астында өмір сүреді. Біздегі «Қауіпсіз қала» деген бастама да сол тоталитарлық болашаққа қарай кезекті  қадам деп есептеймін. «Қауіпсіз қала» кіреберіс пен пәтерлердің есіктерінен басталуы керек.  Қауіпсіздікережелері бойынша, тұрғын үйлердегі ағаш есіктері ішке қарай ашылуға тиіс. Өйткені, төтенше жағдайда құтқарушы, өрт сөндіруші немесе дәрігер кез келген пәтердің есігін сындырып, лезде кіруге құқылы. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе.

Тұрғын үйлердегі темір есіктер мен терезедегі темір торлар тек қана Қазақстан, Африка немесе Ресей сияқты тұрақсыз елдерде орнатылады. Мұны да ескере жүру керек.

Астана мен Алматы қалаларында орналасып жатқан бейнебақылау жүйесі көбінесе жекеменшік пәтерлерді қадағалайды. Сіз, тіпті, бейнекамераларды орнатуға рұқсат бермесеңіз, көршілеріңіздің келісімі жеткілікті болып табылады. Яғни, сіз коммуналдық  төлемдердің тізіміне сізге керек емес қызмет түрі енгізіледі. Демек,  «Қауіпсіз қала» бағдарламасын ұйымдастырушылар үшін сіз жекеменшік пәтердің иесі емессіз, құқығы шектеулі жатақхананың кәдімгі тұрғынына пара-парсыз.

Көптеген жағдайда бейнекамералардың жазбалары қажетті кезінде жарамсыз боп шығады. Ресей саясаткері Борис Немцов кісі қолынан қаза тапқанда Кремльдің жанындағы бірнеше бейнекамералар осы қылмысты тіркеп алды. Бірақ, тергеу барысында бейнабақылау жүйесінің жұмысы есепке алынған жоқ, тергеушілер өтірік айтты: «Кейбір камералар жөндеуде болған, кейбіреулер істен шықты» деп. Заманбек Нұрқаділовтің үйінде де бірнеше бейнекамера болған еді. Сіз олардың жазбаларын көрдіңіз бе? Сайып келгенде, бейнежазбаны да бұрмалау немесе жасыру қиын емес.

Қазіргі кезде бейнекамералар шағын азық-түлік дүкендерінде де орналасқан. Өйткені, қаламызда қылмыс деңгейі жоғары екендігі ешкімге жасырын емес. Сондықтан, қоғамымыздың жағдайын жақсарту үшін бейнебақылаудан бұрын,  ұйымдасқан қылмыстың түп-тамырына балта шабуымыз керек. Әйтпесе,   заңсыз әрекеттердің себебін жоя алмаймыз.

Данияр Наурыз

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1984
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2395
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1956
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575