Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Қоғам 4823 0 пікір 25 Мамыр, 2015 сағат 19:17

САЯЖАЙДА ЖЕЛБІРЕГЕН РЕСЕЙ ТУЫ АЛЫНДЫ

21 мамыр, бейсенбі күні Қостанай қаласындағы «Геолог» саяжайында Ресейдің Туы ілулі тұрғанын сайтқа жазған едік (http://abai.kz/post/view?id=3582 ). Өзіміз куә болған фактіге қатысты облыстық ІІД-не сауал жолдадық. Осыған орай Қостанай облыстық ІІД-нің ресми өкілі Елена Кашаринадан жауап келді. Құзырлы органның хабарламасында «Аталмыш факті бойынша полиция қызметкерлері «Геолог» саяжайына шығып, саяжай учаскесінің иесімен профилактикалық сұхбат жүргізгеннен кейін тігулі Ресей Туы алынды. Қазақстан Республикасы заңдылығында шет елдік рәміздерді қолданғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған» делінген.

Қымбат Досжанова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1984
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2395
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1957
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575