Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5229 0 пікір 27 Мамыр, 2015 сағат 10:47

ЖАНАРМАЙ ҚҰЙЫП ЖАҒЫП ЖІБЕРМЕК БОЛҒАН

 Newtimes.kz-ке сілтеме жасай отырып,  NUR.KZ  сайты  кеше Астанадағы №25 мектептің мұғалімі Светлана Сәдуованы бұрынғы күйеуі үстіне безин құйып өртемек болғанын хабарлайды.

 Денесінің 70 пайызын күйік шалған мұғалім ауруханаға түскен. Бүгінде Светлана Сәдуованың оқушылары әлеуметтік желілер арқылы донор іздеп, қайырымды жандарды қан тапсыруға шақыруда.

«Сәлеметсіздер ме?! Бізге сіздің көмегіңіз қажет. Біздің ұстазымызды ұрып, өртеп жібермек болды. Бізге донорлар қажет. Сол жағалаудағы қан орталығына Сәдуова Светлана Қалымжанқызының атына деп тапсырсаңыздар болады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Сәдуованың күйеуі бұрын полиция қызметкері болғаны айтылған еді. Алайда, Астана қалалық ІІД бұл ақпаратты теріске шығарды.

Белгілісі, мұғалімнің бұрынғы күйеуі әйеліне жиі қол көтергені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Абай-ақпарат

0 пікір