Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5412 0 пікір 28 Мамыр, 2015 сағат 16:41

РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА ШЕКАРАСЫ ШЕКТІ ЖАҒДАЙДА ТҰР

Ресей  Украинамен шекараға жақын аймаққа саны көп әскер тұрғызып, жүздеген әскери техника орналастырды деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Агенттік тілшісінің ақпратына сүйенсек, 23-26 мамыр күндері Ресей армиясының мобильдік зымыран кешендері, танктер мен ауыр артиллерия бөлімдері Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Луганск облысынан 50 километр қашықтықтағы шекара маңына әкелінген.

 Ресми Мәскеу бұған дейін "Ресей Украина шығысындағы сепаратистерге әскер мен қару-жарақ жөнелтіп жатыр" деген айыптауларды талай рет жоққа шығарған болатын.

НАТО әскери командирі, генерал Филипп Бридлав осы айдың басында сепаратистер Украинаның шығысында "жаңа шабуылға дайындалуда" деп сенімді түрде мәлімдеме жасаған еді. Жікішілдерді кейде ашық, кейде астыртын қолдайтын Ресей осы күндері Украинамен арадағы шекаралық аймақты ең шекті жағдайға, яғни, ашық соғыс қимылдарына тіреп отырған сияқты.

Абай-ақпарат

0 пікір