Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 11176 0 пікір 28 Мамыр, 2015 сағат 19:37

Қазақстанда ұлы болашақ қалыптасып келеді

Астанада сарапшылардың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инс­титуттық реформасына арналған халықаралық дөңгелек үстелі болып өтті. «100 қадам» – Ұлт жоспары «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» халықаралық қоғамдастық тарапынан кең көлемді резонанс туғызды. Сарапшылар Ұлт жоспары Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне сенімді. Ал «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын беркітетін тұғырнама қызметін атқаратын болады. Дөңгелек үстелдің спикері Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бағлан Майлыбаев болды. Өздерінің пікірлерін Австрия Ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері Мартин Малек, Дж.Неру атындағы университеттің Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының төрағасы (Үндістан) Моханти Арун, саясаттанушы, Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар бойынша директоры (Ресей Федерациясы) Юрий Солозобов, Жоғары геосаяси зерттеулер мен аралас ғылымдар институтының президенті (Италия) Тиберио Грациани, сондай-ақ, Ақпарат және саяси талдау орталығының президенті (АҚШ) Хуман Садри секілді белгілі ғалымдар ортаға салды. ************* Бағлан МАЙЛЫБАЕВ, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары «100 нақты қадам» – Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру. Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр­тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар. Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет. Ұлт жоспары – нақтылы, дәйекті және айқын жоспар. Ол миллиондаған қазақстандықтар үшін Болашаққа баратын даңғыл жолды белгілеп берді. Президенттің Ұлт жоспарының әрбір жолынан «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» деген жасампаз тарихи месседж онша көзге ұрмай, бірақ әжептәуір ап-айқын көрініп тұрады. Ұлт жоспарының әрбір тармағы Ақтаудағы наубайханашыға да, Көкшетаудағы фермерге де, Шымкенттегі студентке де немесе Алматыдағы стартап жоба бизнесменіне де, Тараздағы университет профессорына да, Атыраудағы мұнайшыға да немесе Қарағандыдағы шахтерге де түсінікті. «100 қадам» – Елбасының 100 нақты тапсырмасы, олар мемлекеттік даму мен қоғам өмірінің барлық қырларын реформалауды қамтиды. 15 қадам мемлекеттік аппарат кәсібилігін түбегейлі арттыруға арналған. 19 қадам – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі тиімді іс-қимыл. 50 қадам – жаңа жоғары технологиялы экономикалық өсу мен адам капиталын дамытуға ынталандыратын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға айқын бағдарланған нақты да дәл шешімдер. 6 қадам – қоғам бірлігінің жалпықазақстандық біртектілігін нығайтуды, «Мәңгілік Ел» құндылықтары жүйесін дамытуды көздейтін толыққанды шаралар. 10 қадам «Ашық Үкіметтің» жұмыс тетіктерін, мемлекеттік органдардың  ашықтығы мен есептілігін жетілдіруді, қоғамдық бақылауды күшейту мен іске азаматтық тұрғыдан араласуды қамтамасыз етеді. Осынау нақты 100 қадам халықтың арман-аңсарын танытады. Ол қадамдар халықтың және әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келеді. Біздің, қазақстандықтардың әрқайсысы өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауға тиіс. Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке  жауап береді. Әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ­раққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс. Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қам­қорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстан­дықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мұндай жоғары жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде. Осы орайда үйреншікті жайға айналған, бірақ терең мағынасы әлі де толық пайымдалмаған мына мысалды келтірейін. Астананың құрылысы біздің халқымыздың ойлау жүйесі мен практикасының тарихи тәжірибесін қайтадан таңбалап берді. Ол тұтас буындардың өмірдегі бейғамдығының ғасырлар бойғы қалыптасқан темір бұғауын күйретіп, Қазақстанның егемен хал­қының шығармашылығы мен жасампаздығының ауқымды әлеуетін ашты. Астана тұрғызу жаңа ұлттың инженерлік ойлау жүйесінің ғажайып мысалы дегенге кім таласа алады? Астана бүкіл Қазақстандағы адами капиталды дамытуға орасан ықпал жасауда. Біртұтас ұлттың ұлттық сана-сезімі үшін менталитеттік-пси­хо­логиялық саланың түрленімі жүріп жатқаны, бүкіл халықтың өзіне және өзінің күшіне сенімі тазарып, нығая түскені өте маңызды. Қазақстан кеңістігінде халқының саны миллионға жуық мегаполистің жаңадан пайда болуы ең алдымен экосаланың, оның байланыстары мен өмір салтының өзгеруі. Астананың өркендеуі – Елбасының идеялары мен іс-қимыл­дарының стратегиялық тұрғыдан түзулігі мен кешендігінің жарқын мысалы. Елорданың өркендеуі тек қана алдыңғы қатарлы архитек­ту­ралық шешімдердің ғана емес, Астана маңындағы табиғи ландшафттың жоспарлы түрде өзгеруінің арқасы, онымен бірге қазақстандықтардың экологиялық ойлау жүйесі де өзгеріп келеді. Астананың «жасыл белдеуі» жасалуда. Жаңа орман бар жерде таза ауа болады, онда топырақ эрозиясы тоқтайды, жел соғуы бәсеңдейді. Ол жерде демалу орындары көбейіп, туризм өркен жаюы мүмкін. Ол жерде экологиялық санасы жетілген, сапалық тұрғыдан жаңа ұлт қалыптасады. Ұлт жоспарын ұсына отырып, Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңғырту үдерісінің жаңа парадигмасын орнықтыруда. Біріншіден, бұл – мәселенің тұғырнамалық тұрғыдан тыңғылықталуы және анық мақсат белгіленуі. Стратегиялық сатыластықтың ұшар шыңына елдің болашақ бейнесін айқындайтын басты екі мақсат шығарылған. Бұл мақсаттар – 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу және Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және  даму ұйымының стандарттарына сай келуін жүзеге асыру. «100 қадамды» терең саралау және дәл есептеу ел үшін, мемлекет үшін, әрбір қазақстандық үшін жаңа мүмкіндіктер келешегін ашады. Екіншіден, бұл – үздіксіздік және инклюзивтілік. Дамушы әлемнің көптеген елдері қуып жетуші жаңғырту тұжырымдамасын ұстанғаны белгілі. Ұлт жоспарының және тұтастай алғанда, Қазақстан жолының негізіне жаңғырту үдерісінің инклюзивті сипаты алынған, ол бұл іске барлық әлеуметтік топтардың белсенді араласуын қажет етеді. Оған қоса, инклюзивтілік мемлекет пен қоғам «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру орайында қабылдап жатқан шараларды үйлестіру мен өзара келісілгендікті білдіреді. «100 қадам» – біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың табиғи түрдегі құрамдас бөлігі және Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу жөніндегі нақты бағдарлама. Осы арқылы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының сабақтастығы мен үздіксіздігі көптеген онжылдықтар бойында қамтамасыз етіледі. Үшіншіден, бұл – ең таңдаулы халықаралық тәжірибеге арқа сүйеу. Біз қай кезде де барынша дамыған елдердің экономикалық реформалар жүргізудегі, мемлекет құрылысы мен әлеуметтік дамудағы озық практикасын шұқшия зерттеп, қабылдап отырғанбыз. Алайда, біздің тәжірибеміз өзгелерді сол күйінде көшіре салу дегенді білдірмейді. Біз басқа елдердің дамуындағы табысты практиканың тиімді белгілерін өзіміздің ұлттық жағдайларымызды, құндылықтарымызды және азаматтардың мүдделерін ескере отырып, табиғи түрде қолданамыз. Президенттің «100 қадам» Ұлт жоспары да осындай, ол өз бойына әлемдік практикадағы ең таңдаулының бәрін де жинаған. Төртіншіден, бұл – зияткерлік пен жаңашылдық. 5 реформаның бәрі және 100 қадамның әрқайсысы білім мен озық технологияға арқа сүйейді, олар жаңғыртылған қазақстандық қоғамның іргетасына, оның зияткерлік құрамдас бөлігіне айналады. Инклюзивті жоғары технологиялы экономиканы жаңа кәсіби кадрларды пайдалана отырып дамыту көзделуде. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды әлемдегі интеллект, білім мен біліктілік бәсекесіне бейімдеп отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы барлық табысты қоғамдардың қалыптасуы мен дамуының түбірлі факторы. Сонымен бірге, «100 қадамды» жүзеге асыру Қазақстан үшін кем қойғанда 100 жаңа дағды алып келеді, олар тың жобалар мен бастамалар тізбегінің ізашарына айналады. Ұлт жоспары – бұл таза зияткерлік бағдарлама, ол мем­лекеттің, азаматтық сектор  мен ғылыми-сарап­та­малық қоғамдастықтың сындарлы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қажет етеді. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мен Халықаралық консультациялық кеңес дәл осындай мақсатпен құрылған. Міне, сондықтан да «100 қадамды» жүзеге асырудың барысын сапалы зерттеушілік пен сарап­та­малық-талдамалық тұрғыдан қолдау көзделуде, ол жаңа идея­ларды шығару мен қазақстандық жаңғыр­тудың сын-қатерлеріне нақты жауап табудың бастау көзіне айналатын болады. Іске бұлай қарау барынша нәтижелілікті және Ұлт жос­парынан ұзақ уақыт бойы тиімділік көруді қамтамасыз етеді. Бесіншіден, бұл – санқырлылық. «100 қадам» – Тәуелсіздікті нығайтудың мем­ле­кет­тік бағыты­ның іске асырылуы. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған дәйекті инклюзивті жаңғырту жоспары біздің социум өмірінің барлық қырын – экономиканы, бі­лімді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, қоғамдық және саяси қарым-қатынастарды, мемлекеттік басқаруды, Ұлттық қауіп­сіздікті және басқаларды қамтиды. Біздің қоғамның және әрбір қазақстандықтың өмірінің бірде-бір жағы атам заманғы немесе тоқырау күйінде қалмайды. Әрбір қадам – Мемлекет басшысының нақты практикалық тапсырмасы. Жаңару үдерісі дегеніміз дамудың байқалып отырған «бос аралықтарын» жүйелі түрде жою ғана емес, ол сонымен қатар, елді жаң­ғыртудың әрбір бағытының жаңа көпфункциялылығын құры­лымдауды да білдіреді. Біріншіден, талапты қатайту және сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсіби мемлекет қалыптастыру жолындағы ахуалды жақсарту кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған. Екіншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқа­растар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сот төрелігі институтына  қоғамдық сенім арта түседі. Еліміздің инвестициялық тартымдылығы бірнеше есе көбейеді. Үшіншіден, ұлттық экономиканы терең реформалау стра­тегиялық инвесторларды дәл тарту мен ғылым жұмсалатын өндірісті көтеру арқылы жоғары технологиялы өңдеуші секторды басым дамытуды көздейді. Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшей­теді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» – қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие. Бесіншіден, мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін кезең-кезеңімен дамыту, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, азаматтық қатысуды кеңейту, мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру тұтастай алғанда мемлекет басқарудың тиімділігін арттырады. Алайда, ең бастысы, барлық бес реформа қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, Қазақстанның Экономикалық ынты­мақ­тастық пен даму ұйымына мүше елдерде қол жеткізілген жоғары әлеу­меттік стандарттарға ұмтылуға бағытталған. Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің елімізде мем­лекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне алып шығады. Бес реформа – 5 күш векторы, олар қосыла келгенде Қазақ­стан­ның табанды түрде тек қана алға басуын айқындайды. Қазіргі таңда әлем күрделі де қарама-қайшылықты кезеңді бас­тан кешуде. Жаһандық экономикада мұның алдындағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарлары әлі де түгел еңсерілген жоқ. Анағұрлым ауқымды сілкіністердің болу қаупі әлі де әлемнің көп­теген елдері мен өңірлеріне төніп тұр. Жаңа экономикалық цунамидің кіндігі қайда, қандай жағ­дай­да және қашан шыға келуі мүмкін дегенді іс жүзінде болжап білу мүмкін емес. Негізгі әлемдік нарықтардың – көмірсутектердің, алтын және басқа металдардың, азық-түліктің, технологиялардың және басқалардың құнының құбылуы күшейе түсті. Осындай жағдайда барлық жерде дерлік тоқырауды күту бой көрсетуде. Мұндайда алдыңғы қатарға сыртқы экономикалық қиын­дық­тарға қарсы тұрудың ұлттық стратегияларын жасау және жүзеге асыру мәселесі шығады. Бүгінде әлемдік экономиканың ірі ойыншылары өздерінің ішкі ресурстарын кеңінен пайдалануда. Көптеген елдерде гуманитарлық және фискалдық сипаттағы шаралар қабылдануда. Тарихи тәжірибе сонымен қатар, дағдарысты және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамудың тиімді қозғаушы күші ин­фра­құрылымға салынған инвестициялар бола алатынын көрсе­теді. Индустриялық әлем тарихында мұндай тәжірибе болған. Мысалы, АҚШ экономикасының «ұлы күйзелістен» шығуы ауқымды инфрақұрылымдық құрылыспен байланысты. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында америкалықтар 1 мил­лион километрге жуық жаңа жолдар, 77 мың жаңа көпір салған. Мектептердің 70 пайызы мен ауруханалардың үштен бір бөлігі 1933 жыл мен 1939 жылдың аралығында тұрғызылған. Бұл 4 миллионнан астам жұмыс орындарын құруға көмектескен. 60-шы жылдарда Оңтүстік Корея ұлттық бюджеттің ширек бөлігін жылдам жүретін Гуенгбу автомобиль жолын салуға жұм­саған еді. 1982 жылы магистраль халықтың 66 пайызына қызмет көрсетіп, барлық жүктің 70 пайызын тасымалдаған. Сол жол­дың бойында салынған өнеркәсіп орындары қазіргі Корея Респуб­ликасының ішкі жалпы өнімінің төрттен үш бөлігін шығарады. Тарих Фрэнсис Бэконның атақты үштағанының дұрыстығын дәлелдеумен келеді. Ол ұлтты ұлы және берекелі ететін үш нәрсе бар деген еді: құнарлы топырақ, іскер өнеркәсіп және адамдар мен тауарлардың жеңіл қозғалуы. Үшінші құрамдастың көкейкестілігін бүгінгі экономистер дәлелдеп отыр. Олардың мәліметтері бойынша, инфрақұрылымға са­лынған 1 доллар инвестиция экономикада 2 долларға дейінге қозғау сала алады. Сондықтан, инфрақұрылымды дамытудың маңызын ескере келіп, Президенттің тапсырмасы бойынша кең ауқымды мем­лекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама Қазақстанның әлемдегі инфрақұрылым сапасы бойынша алда келе жатқан елдер қатарына қосылуына қол жеткізуге тиіс. Екінші бесжылдықтың міндеттерін жүзеге асыру барысында елдің алдыңғы қатарлы инфрақұрылымдық қаңқасы тұр­ғызылатын болады. Қазақстан – территориясы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел. Инфрақұрылым құрылысы көп инвестицияны талап етеді, бірақ оның маңызы келер ұрпақтарға қалатын мұра ретінде ғасырларға кетеді. Алдағы 3 жылда жаңа жолдардың құрылысына, электр желі­лерін, коммуникация салуға 14 миллиард доллар бағытталады. Бұл қаржының үштен бір бөлігінен астамын халықаралық қаржы институттары бөледі. Астанадан өңірлерге қарай шапақ түрінде тарайтын автожолдар желісі тартылады. Бұл елдің барлық өңірлерінің теңгерімді да­муына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық дамудағы, сон­дай-ақ, әлеуметтік-демографиялық тұрғыдағы сәйкессіздіктер азай­тылады. Шағын және орта бизнес өндіріс шығындарын азайта алады, мұның өзін шекті деңгейден өңірлік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды. «100 қадамды» жүзеге асыру сөреден аттанды. Осынау игілікті іске қосыла отырып, әрбір қазақстандық жаңарған мемлекетті жасаушылардың, ұлттық экономиканың тиімділігін арттырушылардың, өзінің отбасы мен бүкіл халықтың игілігін қамдаушылардың біріне айналады. Қазақстандықтарды жасампаздықтың табысты қазақстандық жолымен, ертеңге нық сеніммен  қадам басып бара жатқан Біртұтас Болашақтың Ұлты деп сипаттаған Президент идеясының мәні де осында.  ******************* Хуман САДРИ, Ақпарат және саяси талдау орталығының президенті (АҚШ) Бес ха­лық­тық ре­фор­маны жү­зе­ге асы­руға бағыт­талған «100 то­лық салмақты қа­дам» – ол жан-жақты даму ма­гис­­тралі бойын­ша тұ­рақ­ты қоз­ғала оты­рып өтетін Қазақ­станның нақ­ты маршрутының ара­қа­шықтығы. «100 қадам» әлемнің ең өркендеген және дамыған отыздығына ену үшін қуатты тұғыр қалыптастырады. Бүкіл әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың Көшбасшылығымен айқын бағытпен жүріп бара жатқан қуатты және сенімді мем­лекет ретінде көріп дағ­дыланды. Таяудағы жылдарда әлем­дік жүйенің «қарайып қою­лана түскен аспанында» қазақ­стандық жолдың «жол көр­сетуші шамшырағы» дәл осы Ұлт жоспары болмақ. Ағымдағы тарихи сатыда Қазақстан үшін бұл бағ­дар­лама айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие. Біріншіден, Ұлт жос­пары Нұрсұлтан Назар­баев­тың жаңғырту үдері­сі­нің үз­дік­сіздігі мен бөлін­бес­тігін, мемлекет пен қоғам дамуы­ның шынайы сабақ­тас­тығын айқындайтын басқару­шылық стилін, континуумын барынша үздік түрде бей­нелейді. Қазақстан Көшбасшысы мемлекеттің иммундық жүйесін тұрақты түрде ны­ғайтып отыру керектігін айқын түсінеді. Осы тұрғыда «100 қадам» – «Қазақстан-2050» Стра­те­­гиясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын­да қа­ланған шешуші басым­дық­­тарды жүзеге асырудың нақ­ты жол нұсқаушы картасы. Бұл жағдайда дәл осы «Мәң­гілік Ел» дамудың берік негізі және өзекті катализаторы міндетін атқарады. Қо­ғам бір­лігінің осынау қазақ­стан­дық моделі әлемнің көп­теген мем­лекеттері үшін үлгі бола алады. Екіншіден, маңызды ішкі мемлекеттік міндеттердің кең ауқымды блогын бейнелеуге деген көшбасшылық шы­найы көзқарас пен мазмұн­дық бөлігінің терең ойласты­рылуы оны жүзеге асыру­дың берік, табанды және алға басушылық сипатын ай­қындайды. Үшіншіден, Бұл мем­ле­кетті операциялық басқа­рудағы жаңа сөз.        Мемлекеттік менед­ж­ментті жетілдіру тұрғы­сы­нан алғанда бұл қарапай­ым­дандыра қойылған міндеттер мен нақты индикаторлық жиын­тықтардың жүрек соғы­сының үйлесімі. Іс жүзіндегі іс-қимыл­дарды жоспарлаудың мұндай схемасы жүзеге асырылған шаралар мен нәтижелер ау­қымын өлшеуге жағдай жасайтын өзіне тән шкаланы қалыптастырады. Сонымен бірге бес ха­лық­тық реформа страте­гия­сының негізінде дәлме-дәл бірізділік жатыр. Көп­теген жағдайда бүкіл Ұлт жос­­пары­ның тиімділігі Қазақ­­стан Көш­басшысы алға қой­ған ба­сымдықтарды жүзе­ге асы­рудың кезектілігін сақ­тауға байланысты. Төртіншіден, Ұлт жос­пары – ол жалпыға бірдей инклюзивті қарастыратын аса зор функциялық бағ­дарлама. Нұрсұлтан Назарбаевтың инклюзивті жаңғыртуы – ол әлемдік реформаторлық тәжірибедегі жаңалық. Реформаны табысты орын­дау үшін жаппай бар­шаға: мемлекетке, қоғамға, әр­бір қазақстандыққа жұмы­луға тура келеді. Оған деген барынша қатыс­тылық ұлттың жауапты дамуының ішкі санасына бойлаған Көшбасшының «100 қадамының» қуатты жа­сам­паз пайымдарымен қамта­масыз етіледі. Таяуда өткен президенттік сайлау нәти­же­лері оған айқын дәлел болды. Бесіншіден, бес халықтық реформаны жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық рей­­тингтердің «шендер та­бе­лін­де» алға жылжуына жағ­дай жасайды. Әрине, әрбір қадамды орын­дау, қалай болғанда да, топ-30-да тұрған мем­ле­­кеттің «өркениеттілік пас­­портын» құрайтын жаңа экономикалық және әлеу­­меттік биіктерді алуын қарас­тырады. Бұл орайда Ұлт жос­па­ры­­ның өзін­дік мақ­саты – ол тек қазақстан­дық­тардың кө­кей­­кесті өмірлік мәсе­­лелерін жүйе­лі түр­де ше­шу. Бес ре­фор­маның бә­рі де ең алдымен әлеу­меттік си­пат­қа ие. Дегенмен, ең бас­тысы, Нұр­сұлтан Назарбаев Ұлт жос­парын алға тарта отырып XXI ғасырдағы Қазақ­станның болашақ бейнесін көз алдына айқын елестете алды. Елдің таяу жылдарда не нәрсеге ұмтылуы керектігін айқын түсіндірді. Іс жүзінде президенттік реформалардың болжанған нәтижелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне тән негіз қалаушы сипаттамалармен тікелей астасады. Бұл ғылымды қажет ете­тін индустриялық даму жә­не productive economy, бола­шақтың біртұтас ұлты, берік орта тап, «Ашық Үкімет», заң мен әділдіктің үстемдігі. Мен 15 жылдан соң, 2030 жылы-ақ Гарвард уни­вер­ситетіндегі XXI ғасырдағы мемлекетті жаңғыртудың табыс­ты тәжірибесін тал­қы­лау жөніндегі өкілетті халық­аралық конференцияда Қа­зақстаннан келген тісқаққан саясаттанушының қалай сөз сөйлеп тұрғанын толығынан көзге елестете аламын. Ол Ұлт жоспарының бас­тау алуының куәгері, қазақ­стан­дық реформаның бірізді­лікпен егжей-тегжейлі жүзеге асырылуын іс жүзінде көрген адам. Олқылықтар мен кем­ші­ліктерді анықтауға, үдеріс­ке түзету енгізуге атсалыс­қан, нұсқаулықтар қалып­тас­тырған және Қазақстан Үкі­метіне кеңестер берген бе­делді сарапшы. Өз сөзін түйіндей отырып, қазақстандық сарапшы 2030 жылы бес институттық реформаның жүзеге асырылуын қорытындылайды. «Қазақстан көптеген көр­сеткіштер бойынша ЭЫДҰ стандарттарын жү­зе­ге асырды. Ол тек табыс деңгейі­не ғана емес, сонымен бір­ге азаматтар өмірінің жоғары сапа­сына да қатысты. Бес ре­фор­маны жүзеге асыру бе­рік институттық негізді нығай­­туға жағдай жасады. Мери­­то­­кратияның қатаң қағидат­­тарында құрылған мемле­­кеттік аппарат елдің кәсіби фронт-офисіне айналды. Барынша ашық сот жүйесі өзін әділетті, мөлдір әділ сот субъектісі ретінде көр­­сетті. Сыбайластық көрі­ніс­тері мейлінше төмендеді. Эконо­микадағы өңдеу секторының үлесі 75%-ды құрайды. Бүгінде Қазақстан ақпараттық технологияларды, жоғары тех­но­логиялы химия және био­логия өнеркәсіптерінің өнім­дерін, медициналық жаб­дықтарды, роботталған ауыл­ша­руашылық техникасын экспорттайды. Инвесторлар жер шарының әр түкпірінен біздің елімізге өз активтерін жаппай аударуда. Қазақстан – энергияның баламалы көздерін дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Орта тап үлесі елдің бү­кіл халқының 70%-нан аса­ды. Елдің әр тұрғыны діни және этностық белгілері­не қарамастан, өзін біртұ­тас ұлттың патриоты ретін­де айқын тани отырып инфра­құрылымдар мен әлеумет­тік қызметтерге тең қол­же­тімділікке ие. Азаматтардың жүйелі қоғамдық бақылау мен  мемлекеттік органдардың есеп­тілігін қамтамасыз ете­тін мемлекеттік даму бағ­дар­ламаларын жүзеге асы­руға кеңінен қатысуына қолдау жасайтын тиімді инс­титуттар құрылған. Ұлт жос­парын жүзеге асыра отырып, біз әлемнің ең дамыған отыздығына ену жолында орасан зор серпіліс жасадық. Қазір екінші сатының жоспары әзірленді». Ал маған, Қазақстан табыстарын қолдайтын сарапшы ретінде 2015 жылы мен берген қазақстандық Ұлт жоспарының жиынтық күшінің саяси болжамы мен бағалаулардың жүзеге асқанын есту өте мақтанарлық болмақ. Бұл менің кәсібилігім мен сарапшылық түйсігіме берілген үздік баға. Қазақстанда менің дос­тарым көп. Мен осындай ұлы елдің ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақты құрып жатқаны үшін бақыттымын.  **************** Моханти АРУН, Дж.Неру атындағы университеттің  Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының төрағасы (Үндістан). «100 қадам» – бұл прог­реске, алға қарай сер­пінді қозғалысқа бағдар­ланған 100 нақты шешім. Нұрсұлтан На­зар­баев өзінің батыл реформалары мен дәл пішілген ше­шімдері даму қарқынын түбі­рінен өзгертіп, Қа­зақ­станды күшті де қазіргі заманғы мемлекетке ай­налдыратынын іс жүзінде дәлел­деп отыр. Сондықтан қазақстан­дықтардың Ұлт жоспарын үлкен энтузиазммен және патриотизммен қабылдағаны таңғаларлық емес. Мұндай реформалардың осын­шалықты жоғары мақсаттарға ұм­тылған кез келген ел үшін қажет екені сөзсіз. Және бастысы, бұл шаралар қазақстандық қоғам тарапынан сұранысқа ие. Нұрсұлтан Назарбаевтың прези­денттік сайлаудағы тамаша жеңі­сі мен халықтың бірауыздан жо­ғары деңгейде қолдауын есепке ала отырып, әр қазақстандық Ұлт жоспарының жеке өзі және елі үшін төтенше маңызды екеніне сенімді деп еш күмәнсіз айтуға болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың ин­клюзивті реформалары – бұл жаң­ғыр­ту практикасындағы иннова­циялар. Бүгінде Қазақстан қай жағынан алып қарағанда да мықты шептерге ие. Алайда, «100 қадам» бір ғана нәрсені – табысты мемлекет кү­шей­ген үстіне күшейе бер­генді, қуат­тырақ бола түскенді қалай­тынын білдіреді. Президенттің бес реформасы – бұл Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 елге апаратын жаңа «мүмкіндіктер дәлізінің» бес «есігі». Бірінші «есік»  – бәсекеге қабі­летті орнықты экономикаға апа­рады. Қазақстанның жеке сектордың үлесін кеңейте отырып, еркін на­рық қағидаттарын нығайтуды жал­ғас­тырып келе жатқаны анық. Егер экономикалық реформалар эволюциясын мұқият талдайтын болсақ, онда көптеген секторлардағы мемлекет меншігінен алу үдерістері бірте-бірте жүзеге асырылып келе жат­қанын көруге болады. Бұл – олардың тиімділігін арттырудағы дұрыс жол. Өйткені, бәсекеге қабі­летті орта инвестициялық тартым­ды­лықты көптеген есе жоғарылатады. Шетел капиталын тартпай экс­порттық инфрақұрылымды қалып­тас­тыру мүмкін емес екені түсінік­ті. Сон­дықтан өңдеу секторында транс­ұлттық компаниялармен ынты­мақ­тастықты тереңдетудің алар орны ерекше. Қазақстан қуатты кластерлер құра және ең озық инвесторлар­ды іс­ке қоса отырып, серпінді нүкте­лерді іздеу үстінде. Бұған мүмкіндіктер жеткілікті. Оңтайлы іскерлік белсенділік пен биз­нес-ахуалдың жұмсақтығы нә­ти­жесінде Қазақстан халықаралық рей­тингтерде көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұдан бөлек, кәсіп­керлік ортаның құқықтарын қор­ғау жүйесін нығайту жағы жолға қойылған. Мұндай қадам нақты жемісін беріп отыр. Бүгінде 400 мүлдем жаңа өнім түрлері игерілсе, 250 түрден астамы әлемнің 111 еліне экспортталады. Осы табыс факторларының бірі өз саласындағы халықаралық көш­басшылармен бірлескен кәсіп­орындар құру болғанын айтқан жөн. Ғылыми қамтымды өндіріске нақты бағдар ұстану бұдан да маңызды. Экономиканың иннова­циялық пішімі ғылым мен биз­нестің үйлесімділігі, технопарктер құру және жаңа шетелдік технологиялар тарту арқылы дамиды. ЭКСПО-2017-ні өткізу айтар­лықтай серпін қосады ғой деп ойлаймын. Тұтастай алғанда, Қазақстан құрып жатқан экономиканы мынадай сызбамен сипаттауға болады: «инвестициялар – жаңа технологиялар – толық циклді өндіріс – жоғары қосымша құн». Екінші «есік» – өмірдің жаңа сапасы кеңістігіне ашылатын «есік». Мемлекеттің бәсекеге қабі­леттілігі бірінші кезекте ден­саулық сақтау, білім беру деңгейімен және азаматтардың тұтастай алғандағы игіліктерімен айқындалады. Нақ адам капиталы даму базисі ретінде көрінеді. Осы мәнде алғанда, барлық бес халықтық реформаның таза әлеу­меттік сипатқа ие екені өте маңызды. Барлығы әлеуметтік салаларды: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық сектор және т.б. жүйе­лерді әлемдік стандарттарға ин­тен­­сивті жақындата отырып сапа­лық тұрғыдан жақсартуға бағыт­талған. Бұл жердегі басты мәселе, әрбір қазақстандық үшін өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашылады. Үшінші «есік» – жауапкершілікті және тиімді мемлекеттік басқаруға қадам. Экономикалық бағдарламаларды табысты жүзеге асыру үшін жоғары кәсіби мемлекеттік аппарат қажет екені сөзсіз. Нұрсұлтан Назарбаев бес реформасында мемлекет тиімділігі мен табыстылығы әр қызметкердің іс-әрекетіне тәуелді біртұтас корпорация болуы тиіс екенін нақты белгілеп бер­ді. Бұл тетіктің аван­гар­ды мемлекеттік қыз­мет­шілер болып табылады. Олар ағымдағы күнде­лік­ті міндеттерді шешу үшін де жұмыс істеу­лері керек. Нақ сондықтан оларды іріктеуге талапты жо­ғарылатып, сонымен бір мезгілде жұмыс істеулері үшін толыққанды және лайықты жағдайлар жасау өте маңызды. Қазақстан аса озық сингапурлік дәстүрлер негізінде мемлекеттік қызметшілердің интеллектуалды «армиясын» қалыптастыруға бағыт ұстанып отыр. Төртінші «есік»  – аса жоғары тәр­тіптегі ашық және құқықтық қо­ғамға ұмтылыс. Мұндай жол қалыптасқан құн­ды­лықтар жүйесі арқауында өсіп-өнеді. Қазақстан халқы бұған тәуел­сіздік жылдарындағы тәжірибесі арқы­лы қол жеткізе алды. Ел транс­парентті азаматтық қоғамға, заңның мызғымастай үстемдігі мен ашық үкіметке қарай нық қадам басып келеді. Қазақстан Президенті белгілеп берген қадамдар технологиялық кезеңділік пен дер кезінділік өзін өзі ақтайтынын айғақтайтыны туралы айтады. Ұлт жоспары тұрғысынан келгенде, осы бағыттағы әрі қарайғы өзгерістер нақты қалыптастырылған. Дамудың көкейкесті мемле­кетішілік міндеттерін шешу бойын­ша кең көлемді қоғамдық үнқа­тысуға бастамашылықта үлкен мән бар. Азаматтардың қатысуы артып келеді. Билікті қоғамдық бақы­лаудың рөлі жоғарылауда. Қоғамның мемлекеттік аппарат жұмысы туралы кең көлем­ді құлағдарлығы даму бағдарла­ма­ларын жүзеге асырудың тиімділігін әлденеше есе арттырады. Бұл – кері байланыс тетігін қалыптастырудың тура жолы. Яғни, адамдар нақты нәти­желерді көре әрі іс барысы туралы барлық ақпаратқа иелік ете оты­рып, реформалардың табысты­лығына мониторинг пен бағалауды өздері жүзеге асыра алады. Нұрсұлтан Назарбаев баста­ма­шылық танытқан «Ашық Үкімет­ті» дамыту билік пен қоғам арасын­дағы тиімді өзара іс-қимылды айтар­лықтай арттыратыны айтпаса да түсінікті. Қазақстан орнықты дамудың ажырамас шарты ретінде күшті құқықтық орта қалыптастыруда маңызды қадам жасауда. Сот жүйесін жаңғырту нарықтық институттарды дамыту мен елдің инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға оң  ықпал ететін болады. Іс жүзінде судьялар корпусы барынша  ашық болады, сапалық іріктеу жүйесі жақсарады. Бесінші «есік» – тұрақтылықты нығайту жолында. Назарбаев моделінде екі жағ­дай – «даму» түсінігін толық көле­мін­де ашатын «тұрақтылық» пен «өзге­рістер» қатар өрілген және қосақтаса жүруде. Ол екі терең үрдістен көрінеді. Біріншіден, бұл – бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтары сабақтас­ты­ғының тұғыры мен тетігі. Екін­ші­ден, бұл – инновацияларды тұрақты ілгерілету, оң өзгерістерге ұмтылыс. Мұндай стратегияның бола­шақ­тың біртұтас ұлтын қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Тұтастай алғанда, ол ілгерілетілген бес инс­ти­туттық реформаның табысты жүзеге асырылуын айқындайды. Нақ осы тұрғыдан Қазақ­стан­ның қазірдің өзінде эволюциялық реформалаудың арқасында осын­шалықты жоғары нәтижелерге жеткен дамыған елдер қатарына жататынын айтуға болады. Бұл ішкі дамудың секірмелілігі ыдырауларға, төңкерістер мен революцияларға алып келген кей­бір «үшінші әлем» елдеріндегі жаңғыр­тулардың қате стратегиялары фонында аса анық байқалады. Қазақстан әлемдегі көптеген ел­дерге қарағанда берік базиске ие. «Мәңгілік Ел» – таза отандық құндылықтар жалпыадамзаттық құн­дылықтармен үйлесім тапқан ұлт­тық идеяның эталоны. «Мәңгілік Ел» – бұл жеті құндылық: азаматтық теңдік, еңбек­сүйгіштік, адалдық, оқымыс­ты­лық пен білім беру культі, толе­ранттылық, берілгендік пен патрио­тизм құндылықтары бойынша қи­сынды аяқталған реформалар. Қазақстанның реформаторлық парадигмасы нақты өлшеп-пішілген. Аса ауқымды және нақты міндет – 10-15 жыл ішінде халықтың 70%-ын құрайтын орта тап қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Мұны, түйіп айтқанда, ел тұрақтылығының кепілі деп түсінген абзал. Осылайша, қойылған мін­дет­тердің кең ауқымдылығы мен қол­дағы берік іргетасты бағамдай оты­рып, Қазақстанның алдында оның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу бағытындағы сер­пінді жолында кез келген «есіктер» айқара ашылады деп батыл түрде сөз саптауға болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Көшбасшылығымен Қазақстан халқы бағындырмайтын асу жоқ деп толық сеніммен айтуға болады деген ой қылаң беретіні анық.  ********************* Мартинг МАЛЕК, Австрия ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері «100 қадам» – қазақстандық сәт­ті сапардың жаңа шақы­рым­дары. Ұлт жоспарының қабыл­да­нуымен Қазақстанның алдынан да­мудың кезекті жауапты кезеңі, жа­ңа биік­тіктерді алу үрдісі ашылды. Бір белестен екінші белестерді ала отырып, дамудың нақты бағ­дарлары және айқын да салмақты стратегиясы бар бұл жас мемлекет барған сайын күшейе түсуде. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің құрамына кіру жөніндегі алға қойған мақсаты қандай да болсын терең құрметке лайық. Сонымен бірге, мұндай ұмтылысты жа­қын­нан пайда болатын «Асқаралы асулар» қиындата түседі. Бүгінде бұл тұрақсыз әлемдік экономика және жаһандық дамудың барған сайын артып отырған болжамсыз факторлары. Алайда, қандай жағдай таң-тамаша қал­дырады? Қазақстан Көшбасшысының әрқа­шан өз рецепті, өзінің батыл стратегиялық шешімдері бар. Ол әлемдік жүйедегі қиындықтарды және тәуекелдерді өзінің пайда­сына шешеді. Оларды дамудың жаңа идеялары, жаңа жобаларды іздеу және одан әрі тұрақты да­му үшін қуатты уәждегіш ретінде пайдаланады. Ағымдағы тарихи жағдайда Ұлт жоспарын өмірге әкелуді осымен түсіндіруге болады. Бес реформаны жүзеге асыру шеңберіндегі қам­тылған мәселелердің ауқымдылығы да ескеруге тұрарлық. Бұл жан-жақты даму Қазақстанды өмірдің жоғары стандарттарына жақындатады. Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғырту Стра­тегиясы әлемде ерекше қызығушылық туғызуда. «100 қадам» – жаңғыртудың жан-жақты инклюзивтік жолы. Бұл – мемлекеттік құрылыстағы жаңа сөз. Еуропалық Одақ үшін сіздердің елдеріңіз Орталық-азиялық аймақтағы негізгі серіктес болып табылады. ЕО-ға мүше мемлекеттің саясаттанушысы ретінде мен Қазақстанды дамытудың тұжы­рымдамалық бағдарламалары: Стратегия – 2050, «Нұрлы Жол», «Ұлт жоспарын» жан-жақ­ты зерттеп келемін. Осы орайда ең қызығы – қазақстандық жаңғыру секірісі ерекше формуламен, мен айтар едім, дамудың үш негізгі парадигмалық базасында жатқан «инклюзивті тұрақтылықпен» ерекшеленеді. Бірінші парадигма – экономикалық және әлеуметтік өркендеу арқылы жеткен тұ­рақ­тылық. Қоғамның ішкі келісімі мен көңіл-күйін нақ осы тұрақты экономикалық реформалардағы жетістіктер, серпінді даму және әлеуметтік өркендеу айқындайды. Ұлт және Көшбасшы бір арнаға – өркендеу және тұрақты эволюциялық даму арнасына жұмылғандығы өте маңызды. Бұл аса бағалы жетістік. Ол ол ма, индустрияландырудың, өнер­кә­сіп­ті, инфрақұрылымды жедел дамытудың әлеу­меттік сипатта болуына басымдық беруде толық түсінік бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеу­меттік-экономикалық моделінің барлық мәні де осында. Бүгінде бұл бағытта айқын біріз­ділік байқалуда. Экономиканы әртараптандыруға бағыт­талған Ұлт жоспары қазақстандық қоғам­ның алдында тұрған бес ауқымды ішкі міндет­тердің бірі ретінде әлеуетті орта тапты қалып­тас­тыруды жариялайды. Қазақстан Тәуелсіздігінің барлық жылдар­ында осы жолмен үздіксіз жүріп келеді. Жас мемлекет үшін цифрлар және өсім өте таң­дан­дырады. Осы жылдар ішінде қазақстан­дықтардың табысы 16 еседен артық өсті, жұмыссыздық екі есе қысқарды, кедейшілік деңгейі 9 есе төмендеді. Әлеуметтік жағынан қорғалған және жақсы тұрмыс жағдайында өмір сүретін адамдар бүгінде біз тек жаңа тәуелсіз мемлекеттер ғана емес, сонымен бірге, бұрынғы демократиялық мемлекеттер мысалынан да көріп отырған, тұрақсыздыққа бастайтын көріністердің бәріне қарсы шығады. Олар үшін тұрақтылықтың қасиетті де киелі маңызы бар. Осы жерде Австрияның тәжірибесін еске сала кеткім келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біздің елімізде демократиялық құрылыстың тірегі ретінде орта тапты дамыту және көбейту үшін шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде, Австрияда салыстырмалы түрде өте бай адамдар да, өте кедей адамдар да аз, оның есесіне саяси және әлеуметтік толғаныстар кезінде жоғалтатыны бар орта таптың саны көп. Бүгінде Австрия жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік серіктестіктің арқасында Еу­ропа және әлем елдерінің ішіндегі өте тұрақты елдердің бірінен саналады. Екінші парадигма – Ұлт бір­лі­гін нығайту арқасында жеткен тұрақтылық. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ­стан­дағы полиэтникалық және поли­кон­феционалдық жағ­дайды сарапшылар қауымдастығы үздіксіз болатын жанжалдардың көзі және тәуекелі деп бағалады. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев феноменді түрде көптеген этностар және конфессиялар келісім мен бірлік рухы белең алған ортаның толық құқылы субъектілері болып саналатын бірегей модель жасай алды. Өзара сыйластық және толеранттық қаты­настар қазақстандықтарға жаһандық эконо­микалық дауылдарды және қаржылық құйын­дарды жеңуге көмектесті. Қазақстанды бүгін­гідей табысты елге айналдырды. Бірлік және тұ­рақтылық жасампаздықтың берік негізін қалады. Алайда, бұл тұрақты түрде «күтуді, жылуды және қамқорлықты» қажет ететін «киелі гүл». Міне сондықтан да, бес реформаның ішінде Болашағы Біртұтар Ұлтты қалыптастыру жүйе жасау бағыты болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, саясаттанушы ретінде азаматтық біртектілікті нығайту жолында «Мәңгілік Ел» идеясы әмбебап екендігін атап көрсеткім келеді. Үшінші парадигма – тұрақтылық сыртқы серіктестердің сенім факторы. Қазақстанның экономикалық жетістіктері үлкен шетелдік инвестициялар тасқынымен қатар дамығандығы баршаға белгілі. Тәуелсіздік жылдары ішінде ол 200 миллиард доллардан асты. Бұл ғажайып жетістік! Осы ретте инвесторларды әрқашан ішкі саяси тұрақтылық қызықтырды және қызық­ты­рады. Халықаралық бизнестің ең белгілі және ірі өкілдері Қазақстанда өздерін жайлы сезінеді. Олар өздерінің салған қаржысы үшін ешбір тәуекел жоқтығын түсінеді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы нақты 100 қадамы» Ұлт жоспары халықаралық инвесторлар мен серіктестердің Қазақстанға деген сенімін одан әрі нығайтатындығына сенімдімін. Іс жүзінде оларға Қазақстандағы серіктестік әлеуеті кеңейтілетіндігі, ал жағдай жақсаратындығы жөнінде белгі берілді. Дубай моделі сипатындағы Астана қар­жы­лық орталығын құру туралы Президент Жар­лығы – инвесторлар үшін үздік жаңалық және шын мәніндегі сенсация. Инвесторлардың құқығын қорғауды күшей­ту бөлігінде маңызды қадамдар белгіленген. Сот жүйесін жаңғырту шеңберінде инвестициялық сот төрелігі институтын және халықаралық ар­­би­­траж орталығын енгізу жоспарланғаны белгілі. Қазақстандағы болашағы үлкен инвес­тициялық бағыттардың бірі туристік сала болып табылатындығы сөзсіз. Қазақстан Президенті экономиканы дамы­тудың қуатты драйвері ретінде туристік клас­терді қалыптастырудың маңызын өте айқын түсінеді. Әлемдегі ең дамыған отыз мемлекет дегеніміз – бұл әлемдік туризмнің туұстары. Осы бағытта қазақстандық-австриялық ынтымақтастық дами алады деп ойлаймын. Авс­трия жазғы, сондай-ақ, қысқы туризм саласында бай тәжірибе жинақтаған. Әсіресе, осы сала үшін мамандар даярлау мақсатында Қазақ­станмен бай тәжірибесін бөлісетіндігі сөзсіз. Астанада «Болашақтың энергиясы» – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көр­месін өткізуге байланысты елеулі инвес­тициялық серпіліс болатындығын күтуге болады. Ол бүкіл Қазақстанның экономикалық жә­не инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша сер­пін береді. Сол сияқты бұл қазақстандық туристік сала алдынан үлкен мүмкіндіктер ашады. Мен екі жылдан кейін осы шараға қатысатындығымды жасырмаймын. Қазақстанның перспективаларына баға бере келіп, ең алдымен аса көрнекті стратег-реформатор ретінде Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген жаңғыртудың жоғары деңгейі туралы айту керек. Сонымен бірге, қазірдің өзінде белгіленген даму артықшылықтары Қазақстанның әлемнің дамыған отыз мемлекетінің құрамына кіру жөніндегі ниетінің ақиқаттығын айқындайды. Белгіленген бес реформа Қазақстанның ең дамыған қоғамдардың элиталық сапында болатындығының айқын бағдарларына толық жауап береді. Қазақстанның жеңімпаз күндерінің әлі де көптеген жоғары баға және таңданыс туғызатындығына күмәнім жоқ. ********************** Тиберио ГРАЦИАНИ, Жоғары геосаяси зерттеулер және аралас ғылымдар институтының президенті (Италия) «100 нақты қадам» – ол Қазақстан Президенті бел­гілеген 100 міндетті іс-қимыл, ол XXI ғасырдағы тиімді реформалардың орасан зор бағдарламасы. Мұндай реформалар тек Қазақстанға ғана қажет емес, оған сын үс­тін­дегі жүз жылдықта әлем­нің бүкіл елдері мұқтаж. Қазақстан егеменді даму жылдарында мемлекеттік құ­ры­лыста аса зор табыстарға қол жеткіз­ді. Жас елдің жолы оның шеңбер­інде қа­зірдің өзінде кешенді экономи­ка­лық және саяси реформалар жүзеге асы­­рылған үзіліссіз жаңғырту үдеріс­терінен тұрады. Бұл жаңғыртулар өз ауқымы жа­ғынан тарихтағы ең бір өршіл және ұлы реформаларға тең. Бүгінде жаңғырту теориясында осыншалық маңызды түбегейлі реформаларды жүзеге асырған мемлекет пен Көшбасшының жаңа табысты үлгісінің пайда болғанын сеніммен айтуға болады. «100 қадам» инклюзивті жаңғырту моделі ретінде – ол жаңғырту үдерістері тәжірибесіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ноу-хауы. Қазақстан Президенті ұсынған Ұлт жоспары бұл мәтінде елді дамы­тудың стратегиялық желісін одан әрі жалғастырады. Бұл «100 қадам» дәл өз уақытында жасалған шара. Қазақстан жүргізіп жатқан реформаларды тереңдетуді және ұлғайтуды қажет ететін өзінің жаң­­­ғыр­­тушылық дамуының кезекті фаза­сына аяқ басты. Сонымен бірге, «шақыру-жауап» дихитомиясын басшылыққа ала отырып Ұлт жоспарының Қазақстанның әлемде ұлғайып келе жатқан теріс үдерістерге қарсы өзіне тән жауабы екенін атап айтуға болады. Өйткені, халықаралық саяси күн тәртібі аласапыранды және қиын болжамды бола түсті. Әлемдік экономика ауыр уақыттарды бастан өткеруде. Қазір жаһандық экономикалық жүйенің терең жүйелік дағдарыс белгілері айқын көріне бастады. Сөз орайында айтсақ, Қазақстан Көшбасшысы сонау 2009 жылы-ақ өзінің «Дағдарыстан шығу кілті» атты бағ­­дар­ламалық мақаласында экономи­ка­лық және қаржылық сауықтыру бой­ынша нақты рецепттер ұсынған болатын. Өркениеттік қарама-қарсылықтар шиеленісуде, дәстүрлі құндылықтар дағдарысы байқалуда, қоғамдық қарым-қатынастардың жаңа атомданған құры­лымын қалыптастыру жүруде. Ұлт жоспары бұл ретте егжей-тегжейлі ойластырылған механизм ретінде көрініс табады, оны жүзеге асыру Қазақстанның жаңғыртудың айта беретін «тұзақтарын» айналып өтуіне, тұрақтылық пен ұлт бірлігін нығайтуға, одан әрі өркендеуін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Бес институттық реформаның мәтіні мен мазмұндық компонентін қарастыра отырып, Ұлт жоспарына қатысты көкейкесті міндеттерді шешудегі стратегиялық жол нұсқаушы жә­не қадамдық навигатор ретінде ұғым қалыптастыратын бірқатар ерек­ше­ліктерді бөліп көрсету қажет. Бірінші – қатаң қисындылық. Бірі келесіден туындайды, екінші біріншіге ілеседі т.с.с. Қазақстандық Көшбасшы қоғам айтарлықтай ықтималдықпен жол ортасында тұрып қалған лифтінің жағдайына түсерліктей түрлі әлеу­мет­тік-экономикалық сынақтардан бас тартады. Сондықтан да Қазақстанда эволюциялық, сатылай даму қағидаты істің басына қойылған. Екінші – бастамашылықтан туындаған реформалар құнарлы «то­пыраққа» барып түседі. Елде қоғамдық-саяси институттардың тұрақты жүйесі қалыптасқан, экономика ырғақты дамуда, халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай өсті. Бейнелей айтқанда, «топырақ жылынды», «отырғызылған тұқымның өсіп шығуы үшін» қажетті «ылғалдылық деңгейі» бар. Оның үстіне «кү­тетін – уақытында суа­ратын, арамшөпті жұла­тын» адамдар бар. Үшінші – рефор­малар қоғамдық және экономикалық жаңғыру­лар­мен біртұтас байланыста жүруде. Мем­лекет­тік қызмет моделін жетіл­дір­мейінше, сот жүйесін жаң­ғырт­пайынша, «ашық үкімет» жұмыс істемейінше белгіленген экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл жерде «алдымен – экономика, одан кейін – саясат» деген Назарбаев парадигмасының эволюциясы нақты сезіледі. Төртінші – «100 қадамда» «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың шешуші бағыттары қоса қамтылған. Бұл Астананың экономикалық саясатты ұлттық өндірісті әртараптандыру және өсімнің жаңа кезеңі үшін қайта бағдарлауға деген таңдауын айғақтайды. Экспорттық, транзиттік, туристік әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен халықтың ұзақ мерзімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету Қазақстанның өзін жаһандық экономикалық субъект ретінде бекіту үдерісінде басты факторлар болып табылады. Көлік, логистика, өнеркәсіп және энергетика секторы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы ин­фра­құрылымдық жобалардың кең ауқы­мын жүзеге асыру Ұлт жос­парының орталық элементі болып табылады. Бұл тұрғыда мемлекеттің ұлттық экономика өсуінің және түптеп келгенде азаматтардың әл-ауқатын арттырудың жаңа нүктелерін қамтамасыз етіп отырғаны айдан анық. Бұл жерде мен Нұрсұлтан Назар­баевтың елді «ресурстық қақпаннан» алыс әкету үшін қажетті шаралар мен қадамдарды мақсатты және шешімді түрде қабылдап отырғанына баса назар аударар едім. Бұл оның болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілігін айғақтайды, Н.Ә.Назарбаев көшбасшылығының ке­меңгерлігі мен ауқымын бей­не­лейді. Мемлекеттің елеулі ресурстарға ие бола отырып оларды ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ету үшін қажетті мөл­шерде пайдалана алмауының көптеген мысалдары әлемдік тарихқа мәлім. Бесінші – Ұлт жоспары Қазақстан үшін қоғамдағы тепе-теңдікті, оның жасампаздық әлеуетін сақтаудың, бірлікті нығайтудың маңызды екенін кезекті рет паш етеді. Этносаралық және конфессияаралық өзара байла­ныс­тардың қазақстандық моделі елдегі оң өзгерістердің қайнар көзі болып табылатын қоғамдық бітімнің теңдесі жоқ үлгісі болып табылады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы бүкіл әлем үшін ерекше құбылыс. Ол қоғамда бірлік орнату мен нығайтудың үлгісі. Алтыншы – Ұлт жоспары «Қаз­ақстан-2050» Стратегиясының ажыра­мас бөлігіне айналды. Ол неғұрлым кең көлемді бағдарламалық құжаттың егжей-тегжейленген нұсқасы ретінде көрініс береді, мемлекеттік бағыттың сабақтастығын паш етеді. Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес реформаны жоспарлы түрде жүзеге асыру Қазақстанның өз дамуында жаңа сапалы серпіліс жасауына, әлемнің табысты мемлекеттерінің отыздығына енуіне жағдай жасайды. Осылайша, Қазақстанды жаң­ғыр­ту стратегиясының маңызды бе­лесі ретіндегі дәуірлік ауқымдағы мін­­дет­тердің жаңа көкжиегі айқын­дал­ды. Ол болашаққа сеніммен қарайтын қалыптасқан табысты мемлекет. Біз XVIII-XX ғасырлардағы елеулі жаңғыртушылық жобаларды білеміз. Бұл ретте Назарбаев моделінің елдің прогрессивті ырғақты дамуының және ХХІ ғасырдағы тиімді мемлекеттік менеджменттің эталоны болуға шынайы мүмкіндігі бар. Ол орасан зор жасампаз әлеуетке, қажетті орнықты және бейімділік тә­жірибесіне ие, ал ол тез өзгеріп жат­­қан әлем жағдайында мейлінше маң­ызды. **************** Юрий СОЛОЗОБОВ, Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық бағдарламалар бойынша директоры (Ресей) 100 нақты қадам, бес президенттік реформа – бұл бүкіл мемлекеттік аппарат, бүкіл қоғам, әрбір азамат үшін жұмыс майданы. Мұндай қа­дамның өміршеңдігі Қазақ­с­тан­ды жаңғырту табыс­ты­лығының бөлінбейтін факторы болып табылады. Қуатты мемлекеттің бас­ты бір ерекшелігі, оның өз дамуының әрбір кезекті кезеңіне әр­дайым айқын мақсат және нақты бағдарламамен көшетіндігінде жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда нығайып және қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның жолы болуда. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті идея­лары, терең ойластырылған тұжы­рым­­дамалары мен бағдарламалары ың­ғайында дамып келеді. Көшбасшының президенттік сайлау­дағы бұлтартпайтын жарқын жеңісін біртектес қазақстандық ұлттың әлемдегі ең дамыған отыздыққа кіруге жасаған мәлімдемесі деп те есептеуге болады. 100 миллионнан артық біреу. Бұл теңсіздік дұрыс, өйткені, бір адамның интеллектуалдық және идеялық ұлы­лығы миллиондардың өзін көмес­кілендіре алады. Қазақстандық көш­басшының ойлау ауқымы уақыт пен оқиғалар жүрісін артқа тастап, даму үшін мүмкіндіктер кеңістігін кеңейте түсуде. Бүгінгі күні Нұрсұлтан На­зар­баевтың арқасында барлық әріп­тестер Қазақстанмен 100 миллион адамы бар ұлттай диалог жүргізуде. Назарбаевтың көшбасшылығы дәл бір линза секілді әлеуметтік топтардың қуатын жалпыға ортақ жасампаздық жолында жинақтауға мүмкіндік беруде. Қазақстан Президенті ұлттың күшін Ұлт жоспары – «100 қадам» секілді стратегиялық бағдарламаларға барынша тиімді пайдалануда. Мұндағы ең маңыздысы: қазақ­стандықтар нақты көріністегі Бо­лашақ бейнесі мен дамудың жалпы мақсаттарына біріктірілген. Бұл әлеу­меттік іргетас өте берік. Мұндай топтасу ұзақ мерзімдік. Бұдан да асырып айтсақ, стра­те­гиялық ойлаудың тапшылық кезеңінде Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын алға тартты, осының аясында бес халықтық реформа жүзеге асырылатын болады. Бұл – ­дамудың барлық маңызды қырларын қамтитын шаралар кешені. «100 қадам» авторы Қазақстан көшбасшысы болып табылатын әлем­дік тәжірибедегі инклюзивті жаң­ғыр­тудың сәтті мысалы. Қазақстан басшысы өз елін жаңа биіктерге жүйелі түрде бастап келеді. Бұл ұмтылыс ең жоғары бағаға әбден лайық. Ұлт жоспарын асыру арқылы Қазақ­стан ұзақ мерзімдік дамудың әмбебап қағидаттарын қалыптастыратын және бекітетін болады. Ал олар елдің ХХІ ғасырдағы жаңғыру үдерістерінің сипа­тын айқындайды. Олар бес рефор­маның нәтижелері ретінде ғана әрекет етіп қоймай, сонымен қатар, бүкіл мем­лекеттік жүйенің институттық негіз­дерін бекітуде іргетастық маңызға ие болатын болады. Бірінші – кең ауқымды түсіністікті бойына жинақтаған ашықтық. Қазақ­станның бүкіл әлем үшін сауда және инвестициялық саясаттағы инновацияларды енгізудегі ашықтығы. Бұл қағидаттың мәні көлік инфра­құрылымдарының және транзиттік ағымдардың қазіргі замандық кешенін құруға деген ұмтылыс арқылы барынша ашыла түседі және жаңа өнді­рістік қуаттар мен ұлттық экономика­ны әрта­раптандыруға қоғамды жұмыл­дырады. Қазақстан ашықтығы оның ин­теграциялық күш-жігерімен және халықаралық сауда жүйесіне жан-жақты кірігуімен дәлелденеді. Бұл Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге, Еуроодақпен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысқа да қатысты. Әлемдік экономикаға интеграциялану – бұл аса ауқымды табысқа жетудегі маңызды баспалдақ. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті – бұл аса ірі халықаралық экономикалық бірлестіктің белсенді субъектілері екендігі бәрімізге белгілі. Олар әлемдік ІЖӨ-нің үлкен бөлігін қалыптастырады. Сонымен қатар, Ұлт жоспары контексінде қарастырғанда жоғарыдағы қағидат «ашық үкіметті» енгізу арқылы ашыла түседі. Мұндай жағдайда үкімет жұмысы мейлінше мөлдір, ал мемлекеттік қызметтер әр азамат үшін барынша қолжетімді болмақ. Екінші – бәсекеге қабілеттілік. Ол өңдеуші секторды дамытуға және жоғары технологиялық өнімдер экспортын арттыруға бағытталатын ғылымды қажет етуші экономиканы құруды білдіреді. Сонымен бірге, қазақстандық компаниялар арасындағы бәсекелестікті ынталандыру маңызды бағыт болып табылады. Өйткені, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін өз чемпиондарын күшейту ғана Қазақстанға «легионерлермен» тең дәрежеде жарысқа түсу мүмкіндігін береді. Оның үстіне барлық бес реформа бәсекеге қабілеттілік қа­ғи­даты бойынша іске асы­ры­ла­тындығын атап өтуіміз қажет. Үшінші – сенімділік және әріптестік. Жаңғырту бо­лашағы Қазақстан экономикасына стратегиялық инвес­торларды белсенді тартуға байланысты болатындығы туралы нақты түсінік бар. Міне, нақ осыдан да сот жүйесін реформалауда бизнес қауымдастықтың құқығын қорғау мен сақтауға айтарлықтай назар аударылған. Ұлт жоспарында инвестициялық сот және халықаралық арбитраждық орталық құруға екпін берілген. Бұл ірі инвесторлар тарапынан сенімділікті күшейтетін болады. Төртінші – тиімділік. Экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру және олардың ортақ нәтижелілігі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасына да көбірек байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бірінші реформа ретінде белгіленген. Бұл дегеніңіз мемлекеттік қызметтегі біліктілік талаптарын күшейту және жаңа ынталануға себептілікті арттыру мен жұмыс істеу жағдайын жақсарту деген сөз. Ең бастысы – бұл ең талантты және ең қабілетті кадрларды іздеу мен таңдауға бағыт ұстау болып табылады. Енді «Назарбаевтың жаһандық құрамасында» меритократияның неғұрлым қатаң рухы басты рөл ойнайтын болады. Бұл өте маңызды мәселе. Оған ұлтына қарамастан тек үздік ойлайтын ақылдылар ғана кіре алады. Мұндай әдіс пен іске деген көзқарас Н.Назарбаевтың саяси философиясымен тиімді жұмыс істей алатын және әлемнің кез келген елінде қолдану үшін оңтайлы етеді. Бесінші – азаматтық біртектілікті нығайтатын және Бір Болашақ Ұлтын құруды қамтамасыз ететін тұрақтылық. Мұнда кең көлемді орта тап ядро құрайтын болады. Бұл жағдай – Қазақстан мемле­кет­тілігінің іргетасы іспетті. Ұлт жоспарын жүзеге асырудың табыстылығы да осынау маңызды бағытқа байланысты болады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бұл ретте тәуелсіздіктің барлық жетістіктерін бекіте түсетін және қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын нығайтатын платформа ретінде әрекет етеді. «Мәңгілік Ел» – бірлік пен келісім жағдайында өмір сүруші гүлденген қоғамның «сапа стандартының белгісі». Бұл бүкіл әлем ұмтылуға тиіс стандарт болып табылады. XXI ғасырда дүние жүзінің ешбір елінде барлық азаматтар үшін жайлы болып табылатын жалпы­ұлт­тық идея­лар формуласы ойлас­тырылмаған. Мұндай формула тек Қазақстанда ғана бар. «Мәңгілік Ел» – қалыптасқан Бір Болашақ Ұлты.  «Мәңгілік Ел» – Нұрсұлтан На­зар­­баевтың аса көрнекті дүние­тану­шы­лық және саясаттанушылық жаңалығы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея­сы ұлтаралық және дінаралық тар­тылыстың мәңгілік заңы секілді жұмыс істейтін болады.Ол барлық қазақ­стандықтарды біріктіреді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың ин­телектуалдық мұрасындағы жар­қыраған тәж. Алтыншы – есеп берушілік. Демократияландыру жолында әмбебап схема жоқ екендігін бәріміз білеміз. Қазақстанда бұл жағынан да дамудың нақты жағдайларына және қоғамның құндылықтар тамырына негізделген өзіндік ерекше жолы ойластырылған. Мына бір маңызды сәтті атап көр­сету қажет. Ұлт жоспары мемлекет­тік басқаруды жетілдіру және азамат­тық қоғамды дамыту қырларын нақты­ландыра түскен. Олардың басына есеп берушілік қағидаты қойылған. Бұл қоғамдық бақылау рөлінің түбегейлі мәнге ие болып, күшейе түсетіндігін білдіреді. Енді Үкімет пен жергілікті атқару орган­дарының белсенді азаматтық қоғам алдындағы жауапкершілігі осы арқылы бекітіледі. Өз кезегінде бұл даму бағ­дарламасының тиімділігін арттырады. Өйткені, мониторинг пен бағалаудың қағидатты жаңа тетіктері құрылады. Жетінші – инклюзивтілік, яғни халықтың неғұрлым кең ауқымын даму бағдарламасына тартушылық. Бұл қағидат «Ұлт жоспарының» өз атауында бекітілген. Сөйтіп, Ұлт жоспарын шынайы өмірге ұластыру Қазақстанға дамушы елдер арасында чемпиондықты жеңіп алу мүмкіндігін береді, дамыған елдердің жоғары стандарттарына жетуді қамтамасыз етеді. Қазақстанның Экономикалық ын­тымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) клубына енуге дайын тұруы­ның символдық мәні болып табылады. Мен бұл нақты және тереңнен ойластырылып жасалынған 100 шара әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылыс танытып отырған Қазақстанның көрсеткіштерін көтеріп қана қоймай, оның әрбір азаматының өмір деңгейін сапалық тұрғыда арттыратындығына сенімдімін.

Abai.kz

 

0 пікір