Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107529. Жазылғандар — 102323. Қайтыс болғандар — 1699
Жаңалықтар 1835 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 10:15

Қызылжардың казактары тырбыңдап жатыр. Ал қазақтары ше?

«Республика» газетінің сөзіне сенсек, Қызылжардағы орыс ұйымдарының белсенділері қаланың «тарихи атауының өзгертілуіне қарсы» наразылықтарын интернетте арнайы беттер ашу, қол жинау және қала ішінде қоғамдық акциялар өткізу арқылы танытпақ екен.

Мысалы, Қызылжардың тұрғыны Андрей Балдук мырза интернеттегі «Мой мир» әлеуметтік желісінде «Мы за Петропавловск! Мы против Кызылжара» атты қауымдастық ашып, оны тереңінен насихаттауға кірісіпті. Бірнеше күн ішінде осы қауымдастық тұтынушыларының саны жеті мыңнан асыпты-мыс. Олар тағы да күш жинап 30 қыркүйекке дейін елбасымыздың атына үлкен ашық хат жолдап, оны Петр мен Павел әулиердің атындағы қаланың атына «қол сұғу әрекеттеріне біржолата тоқтау салуды талап ететіндерін» жасырмай отыр.

Есесіне қалалық «Петропавловск kz.» газетінің ұжымы, казак ұйымдары мен бір топ зиялылары осындай хаттарға қол жинау акцияларын өткізіп, бүгінгі таңда көшедегі екі мың адамның қолын жинап үлгеріпті. Түбі редакция осы хатты Игорь Рогов басқаратын Конституциялық Кеңестің қарауына тапсыруды жоспарлап қойыпты.

Сонымен қатар, осы «деятельдер» «Наразылық ретінде сары лента» атты қоғамдық акцияны бастап, сары шүберектерді өздерінің киімдеріне, автокөліктеріне, жұмыс орындары мен үйлеріндегі қылтималарына қылтитып бағуда. Оны аз десеңіздер, осы қауымдастық өкілдері қалалық мәслихат депутаттарының арасында да үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатыр-мыс.

Осындай істерге қарап «Қызылжар қаласында қазақ басылымдары мен ұйымдары қалды ма екен?» деп қаласың. Егер шынымен де бар болса «дәл осындай қоғамдық тірлікті жасау олардың қолынан неге келмейді?» деп налиды екенсің. Ең болмаса «Алматыда жүрген той-томалақтан өзгеге жоқ қызылжарлық зиялы қауым неге үндемейді?» деп ойланады екенсің.

Өткенде президент Назарбаев осындай ұсыныс жасағанда Қызылжар мен Кереку қалаларындағы зиялы қауым тарапынан оңды қолдау болмады. Қолдау түгілі өздері бірімен-бірі айтысып, «анадай деп атау керек, мынадай деп атау керек» деген тұрғыда қырық пышақ болып кетті. Осыдан кейін қала аттарының қаз-қалпында жиырма жыл тұрғанына қалай таң қаласың? Қазақ деп жүрген өзімізге де обал жоқ екен...

«Абай-ақпарат»

0 пікір