Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4272 0 пікір 3 Маусым, 2015 сағат 15:28

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯДАҒЫЛАР ҰЯЛМАЙДЫ ЕКЕН

Ұлттық компаниялар айына 1,5 млн теңге жалақы төлеп отырған мамандарды 500 мың теңгеге де  табуға болады дейді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

- Бақытжан Әбдірұлы, Ұлттық компанияларда мамандардың жоғары білікті болуын олардың алып жүрген жалақысына қарап бағалағаныңыз қалай?  Сіз сол жерде болып көрдіңіз бе? Онда кімдер жұмыс істейтінін білсеңізші. Кешегі "Болашақтың" түлектері, жақын туысқандар, тағысын тағы. Оларға тіпті бассейн мен World Class шығыны төленіп тұрады. Бұларың тым артық. 1,5 млн теңге деген жалақы деген тым көп қой. Президент мұндай қызметкерлердің санын анықтап, азайтуды тапсырды. Мен сізге 500 мың теңгеге жұмыс істеуге әзір ондаған дарынды жігіттердің есімін атап бере аламын. Ал біздер бұл жігіттердің 1,5 млн-ға жұмыс істеуге келісім бермейтінін айта аламыз”, – деді Тінікеевпарламент мәжілісінің пленарлық отырысы барысында.

Ұлттық компания қызметкерлері емес, жалпы Қазақстанда жалақы көлемі жоғары көрінеді. 

ТМД мемлекетаралық статкомитетінің мәліметі мен Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратына сүйене отырып, одақ елдеріндегі жалақылар деңгейіне өз мониторингісін жүргізген ҚырТАГ-тың дерегіне сенсек, ең төменгі жалақы Қырғызстанда тіркелген – 11 703 сом немесе 200 доллар. Арменияда – 173,5 мың драм немесе 363 доллар. Беларусьте жалақы Армениядан 90 долларға артық (шамамен Br 6,5 млн).

Ресейде орташа еңбекақы 31,3 мың рубль немесе 629 долларды құрайды. Ең жоғары жалақы Қазақстанда тіркелген – 132,5 мың теңге немесе 713 доллар.

Абай-ақпарат

 

0 пікір