Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Өзіңе сен 6180 0 пікір 8 Маусым, 2015 сағат 16:35

РЕСЕЙДІҢ ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛЕТІН КҮН ТАЯП ҚАЛДЫ

Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өтіп жатқан Үлкен жетілік елдерінің саммитіне қазақ қоғамының белсенді, сергек азаматтары да ерекше мән беріп көз тігуде. Жетіліктің жиыны біз үшін де маңызды. Себебі, санкциялардың салқыны тиіп Ресей КСРО-ның кебін кешсе, біздің биліктің де көрші елге қатысты саясаты өзгереді. Қазақ қоғамының қайраткер ұлдарының бірі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деді. Мұхтарды әріқарай оқиық:

Достар, Берлинде G7 саммиті ашылды. Саммит талқылайтын бірінші мәселе - Украина мен Ресей. Үлкен жетілік елдері Мәскеуге қарсы қосымша санкциялар жайлы келісімге келуі керек. Тағы бір мәселе - Украинаға қару мен қаражатты көбірек беру. Кезекті сұрақ - ФИФА ұйымының жемқорлығы.

Бұл әлемнің ең күшті, ең бай елдерінің саммиті. G7 деп аталатын АҚШ, Германия, Франция, Ұлы Британия, Италия, Канада және Япония әдетте қабылдаған шешімдерін нақты, ашық түрде жария етпейді. Бірақ стратегиялық тұрғыда ортақ келісімдерге келіп, сосын кейін бірігіп жүзеге асырады.

Одақбасымыз Ресейдің болашағы бұл саммиттің нәтижесіне қатты тәуелді деп білемін. Егер Батыс елдері экономикалық санкция түрлерін көбейтіп, пәрменді қимылдаса,   Ресей шыдай алмайды. КСРО секілді ыдырап кетуі әбден мүмкін.

Бұндай үрдіс басталып жатса, біздің билігіміздің көзқарасы өзгереді, амалы жоқтан ұлтшылдарға жақын бола бастайды, ал шовинистердің рухы бірден өшіп бітеді.

Сондықтан, бүгін-ертеңгі G7 саммиті дүние жүзінің саясаты үшін (және біз үшін) ерекше қызық және маңызды болуы керек. Бақылайық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1519
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1121
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1148