Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3833 0 пікір 18 Маусым, 2015 сағат 20:22

ҚЫТАЙ ҮКІМЕТІ ҰЙЫҒЫРЛАРДЫҢ ОРАЗА ҰСТАУЫНА ТИЫМ САЛДЫ

Осындай тақырыппен түріктің белді басылымы «Хұрриет» ақпарат таратты. Хабарға сай, Қытай билігі Шыңжаңдағы мемлекеттік қызметкерлер мен партияның мұсылман мүшелеріне, жасы 18-ге толмағандарға, студенттер мен оқытушыларға ораза ұстауына ресми тиым салып, бұйрық шығарған.

Билік бұдан сырт, мұсылмандар иелік ететін сауда дүкендері мен ресторандардың рамазан айында да алкоголь, темекі өнімдерін тоқтаусыз сатуын, ораза сағаттарында да қызмет етуін міндетті еткен. Олай болмаған жағдайда жабылатыны туралы ескерту берген.

Дүниежүзілік ұйғыр конгресі өкілі Дилшат Рашид Қытайдың бұл әрекетін сынап, Қытай билігі мұсылмандар құқын таптау арқылы ұйғыр халқын билікке қарсы шығуға итермелеп отыр деп сөккен. Ол: «Ұйғырлардың сенімі жоғары деңгейде саясиландырылып жіберілді. Бұл белсенді қарсыластыққа әкеп соғуы мүмкін» деген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1547
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1425
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1174
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1170