Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4194 0 пікір 18 Маусым, 2015 сағат 21:10

ЕЛБАСЫ АСТАНАНЫҢ БАРЛЫҚ КЕМ-КЕТІГІН ТҮЗЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана бас жоспар» ҒЗЖИ» ЖШС-де болып, Астананың 2030 жылға дейінгі бас жоспарына түзету енгізу, астаналық агломерацияны қалыптастыру жобасымен,  сондай-ақ  елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы танысты. Akorda.kz сайты хабарлағандай, Нұржол бульварының екінші кезеңді жобасымен, жаңадан жоспарланып отырған бірқатар құрылыстармен танысқан Елбасы:

«Біз қандай мәселелер бар екенін білеміз. Соның ішінде автотұрақ орындарының жетіспеушілігі де бар, ол мәселе міндетті түрде шешіледі. Жақында жауған жаңбыр кәріз жүйесінде қиындықтар бар екенін көрсетті, оны да жетілдіру қажет. Сонымен бірге балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де көңіл аудару керек. Қаланың одан әрі даму перспективасы ЭКСПО-2017 аумағын, оның айналасындағы көшелерді салуды, Сулы-жасыл бульварды абаттандыруды, жаңа саябақтар, соның ішінде аумағы 100 га болатын Ботаникалық бақ салуды қамтиды. Бұл еліміздің қақ ортасында жаңа мегаполис құруға мүмкіндік беріп, барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады», — деген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1595
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1246
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1215