Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3438 0 пікір 18 Маусым, 2015 сағат 21:22

ШЕНЕУНІКТЕРДЕН ТҮСІНІКТІ ТІЛДЕ СӨЙЛЕУІ СҰРАЛДЫ

Шенеуніктерден халықпен түсінікті тілде сөйлесу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы бүгін "Демократия институтының" жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская ұлт жоспары - "100 қадам" талқыланған Қазақстанның Жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясының мәжілісі барысында мәлімдеген.

"Бүгінгі таңда мемлекет қызметі туралы кеңінен әрі тиімді түрде ақпараттандыру қажет. Сонымен қатар, ол ақпараттандыру халыққа түсінікті тілде жүруі тиіс. Назар аударыңдаршы, халық арасында солардың тілінде сөйлейтін сарапшылар сұранысқа ие әрі танымал. Себебі біз ғылыми терминдермен сөйлей бастағанда, орта санатты адам не туралы айтылғанын түсінбейді. Ол сонда қалай жұмыс істейді, қайда барады, не істейді", - деген Юлия Кучинская. Ол сондай-ақ, бүгінде жергілікті халықтың өз депутаттарын білмейтіндерін және оларға қалай барып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қалай қоюды білмейтіндерін де айтты.

Өз кезегінде: "Расында да, мемлекеттік органдар нормаларға сілтеп, түсініксіз жауаптар беріп күнә жасап отыр. Шын мәнінде бұл көмектеспейді", - деп келіскен баяндама жасаушымен "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1548
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1176
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1172