Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 15:27

Биыл ОҚО-да өнімді жинауға 39 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген

Биыл ОҚО-да өнімді жинауға 39 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылдық өнімге көктемгі нөсер жауын-шашын мен шілденің аптап ыстығы биылғы егінге әртүрлі әсер етті дейді шаруалар. 

Жыл аяғы болғасын қомақты өнім алған дихандар пайдаға кенелсе, ендібірі шығындарын есептеп жатыр. Биылғы маусымда сауда қатарларында жеміс-жидек пен көкөніс те самсап тұр. Таңқурай, құлпынай, қарақат жүзім алманың түр-түрі саудаға шығарылған.

Дегенмен, сатушылар жергілікті өнімдерінен көрі Өзбекстаннан тасымалданған тауарлардың көп екенін айтады. Сауда орындарында жергілікті жеміс-жидектер мен көкөністердің аздығы бағаға да әсер етіп жатыр.

Жүзімнің келісі 350 теңгеден-700 теңгеге дейін сатылуда. Қарақаттың келісін 650 теңгеден 800 теңгеге дейін сатып алуға болады. Таңқуарай түріне қарай 750 теңгеден 900 теңгеге дейін саудалануда.Дегенмен, өңірдегі бау-бақшаларда піскен өнімдер көбірек болса, бағасының да арзан болатынын сатушалыр да жасырмайды.

Ал дихан қауым көктемгі нөсер жауынның әсерінен өнімнің былтырғыдан еселей түскенін айтады. Биыл шаруалар астықты жылдағыдан да көп жинауда. Бір гектардан орташа есеппен 22 центнер өнім алынып отыр.

Айта кетейік, облыста биыл 195 мың гектар жерге астық егілген. Ал өнімдерді жинап теру жұмыстарына 39 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлініп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612