Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3473 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 17:14

Ордабасында 87 адамға 240 миллион теңге шағын несие берілген

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасында 87 адамға 240 миллион теңге шағын несие берілген, қазір Ордабасы ауданында "жұмыссыз адам" жоқ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ордабасы ауданы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қай көрсеткішімен болсын әрдайым аудандардың көшбасында жүретін ОҚО-дағы Ордабасы ауданы биыл да қазына қамбасын қомақтыландыруға көп үлес қосты. Аудан кәсіпкерлері өздерінің табысты тірліктерін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасаған тартуымыз деп отыр.

Бүгінде аудан аумағында 9 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік нысандары ісін ілгерілетіп келеді. Олар  биылғы жылы 32 миллиард 929 миллион теңгенің өнімін өндірді. Ел әлеуетін көтеруге шағын Қажымұқан ауылының кәсіпкерлері де өз үлестерін қосуда. Кәсіптерін кеңейту үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтан шет қалмай, игілігін көріп отыр.

Бүгінде ауданда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жыл басынан бері 87 адамға 240 миллион теңге шағын несие берілген. Нәтижесінде 71 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр. Биыл  азамат мал  шаруашылығын дамыту үшін азамат білдіріпті. Олардың арасында 37-нің өтініші қанағаттандырылып, 3-6 миллион теңге аралығында қаражат алып, мал бордақылау ісімен айналысуда.

Бір ғана ауылдың кәсіпкерлері осылайша ауданның қазынасын қомақтыландыруға үлес қосуда. Қажымұқан ауыл округінде 3 мың 140 гектар суармалы жер бар. Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрі егіледі. Дәнді дақыл егіп те, мал бағып та ауылдағы ағайын нәпақасын айырып отыр. Жұмыссыз жүрген жан жоқ. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2094
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2512
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2180
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617