Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4250 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 18:09

Кентаулықтар да жылыжай шаруашылығын дамытпақ

Қаратау тәжі саналатын кентаулықтар да жылыжай шаруашылығын дамытпақ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кенді өлкеге қарасты Байылдыр ауылында осы таңға дейін ешбір тұрғын бұл кәсіппен айналыспаған. Қазір аумақта кәсіпкерлікпен қоса, инфрақұрылымдау ісі де икемге келіп, ел еңбектің наны тәтті екенін ұққан.

Еңбекке епті, іске мығым кәсіпкерлер жылыжай шаруашылығымен айналысуды өз күштерімен бастаған. Енді мемлекеттен тиісті субсидия алуға үйренді. Қара жердің қыртысын айналдырған Серік Садырбаев ептегенге 8 соттық жер де жететінін айтады.

Серік Садырбаев, кәсіпкер;

«Бір рет өнім алдық. Күзгісі сәл қиындау болды үйренбегеннен кейін. Осы үшінші егуім. Осыдан 10-15 тонна алсақ па деп отырмын. Жанынан қоспаққа деп отырмыз...

Қыс бойы қара отын пайдаланып, «өнімді үсікке шалдырып алмайық!», - деп әлекке түскендер күн райының шаруаға қарасып тұрғанына қуанады. Нұрбек Өмірбеков те қара жерден несібесін айырып отыр. Оның жылыжайы жер астында. Бұл шаруаға таңсық жұрт көп. Ауыл әкімдігі қолдан келгенше кез-келгенге қолдау көрсетуге дайынбыз,-дейді.

Маржан Кривенцова, Байылдыр ауыл округінің әкімі;

«Жылы жай салу қолға алынған. Ол бойынша мынау Үңгірсай жақтағы Серік Садырбаевтың жылыжайын айтуға болады. Екінші кезекте міне 2016 жылға Байылдыр ауылының азаматы өзіміздің Нұрбек Өмірбеков қолға алды жылы жайды. Алған үстанымы өз күшіменен өз ұстанымыменен өз қолындағы барымен өзі саламын деген жылыжайды осындай мақсатпенен жасап жатыр. Егер кредит аламыз деген жағдайда, біз оған көмектесуге дайынбыз».

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619