Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3328 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 18:14

Халқының саны 5 мыңнан асатын әрбір ауылдың бас жоспары жасалуы керек

Халқының саны 5 мыңнан асатын әрбір ауылдың бас жоспары жасалуы керек, - деп хабарлайды Абай ақпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түстікте осы санатқа енген 53 елдімекен бар. Күні бүгінге дейін солардың 98 пайызының даму бағыты бекітілген. Енді сол құжатқа енген жұмыстарды қалай жүзеге асыру керек? Ол жұмыстарды жергілікті мамандармен бірлесе талқылау мақсатында мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау  және кадастр орталығының мамандары өңірімізге келіп, алғашқы жиынын өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент еліміздегі болашағы зор қалалардың бірі. Сондықтан,  алқалы жиында осы шаһардың даму жоспары алдымен сөз болды. Бұл бойынша баяндама жасаған облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді. Одан бөлек біздің өңірдегі бір қала мен алты ауданнның өңірлік даму бағдарламасы бекітілген.

Еркін Жүсіпов, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шымкент қаласының, Арыс қ, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарының аумағын қоса алғанда, Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуде.

Айтып өту керек, өңірлерді дамыту бағдарламасы еліміздің барлық аймағында іске асуда. Осы жоба аясында 9 темір жол вокзалы жаңғыртылып, мыңдаған шақырым ірі жолдар жөнделеді. Соның арқасында аймақтар арасында барыс-келіс жақсарып, алыс-беріс нығаяды. Астанадан келген мамандар енді облыстағы ауылдарды аралап, даму бағытымен танысатын болады.

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2095
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2183
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617