Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3263 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:31

Е.Айтаханов: 1000 гектар жерге егіс егілген

Оңтүстік Қазақстан облысы Ауылшаруашылық басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өңір бойынша суармалы жер көлемі 566 мың гектарды қамтиды екен. Бұл күндері оның 462 мың гектарын егін шаруашылығы мақсатында пайдаланады.

Ал, 123 мың гектар жер бос қараусыз жатыр. Облыстағы ауыл шаруашылығы мамандары бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану, әсіресе тұзданған жерлерді қайта қалпына келтіру мақсатында тың жобалар әзірлеуде. Жақында Отырар ауданында жүгері егуге кедергі келтіретін және топырақ эрозиясына шалдыққан жерлерді құнарландыру үшін мәселе көтерілді. Ауыл шаруашылығы мамандары мен жер еміп, жан бағып отырған шаруалар семинарда кездесті.

Отырар ауданы о бастан егіннен бас алмай, көрсеткіштері алдыңғы қатардан көрінген аудан. Бастысы бидай, жүрегі және басқа да дәнді дақылдарды өсіруге жететін су тапшылығын оңтайлы шешу жолдары қарастырылса, жердің құнары артса деп келген диханшылар бұл сұрақтарының жауабын жиын соңында тапқандай. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов: - Күрмеуі қиын мәселеге айналған су тапшылығы Арыс-Сырдария су қоймасы іске қосылса түбегейлі шешіледі, - деп, шаруаларды бір серпілтіп қойды.

Қазіргі таңда аталған су қоймасын іске қосу басты талаптардың бірінде тұр. Сонымен қатар, бүгінде Отырарда 1000 гектар жерге жаңа технологияны игеру арқылы жүгері егілген. Өнім көлемі былтырғыға қарағанда биыл төмен. Еңбек өнімділігі мен сапаны арттыру үшін дренажды жүйені енгізу керек. Ол үшін 368 шақырым жерді игерудің өзіне 2,2 миллиард қаржы қажет. ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтің айтуынша суармалы жерлерді игеру үшін ирригациясыз жүйеге келтіруіміз керек. Яғни, каналдарды бетондап, суды жүйелі жеткізетін жағдайға көшіп, бір жағынан суды үнемдеп, екінші жағынан дренажды қосу қажет. Мамандар қалайда облысымыздағы егін шаруашылығындағы суармалы жерлердің мәселесі оң шешілетініне сенімді.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608