Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3287 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:34

Оӊтүстiк Қазақстан облысында төрт түлік саны жыл санап өсiп келедi

2016 жылдыӊ желтоқсан айындағы  мәлiметке сүйенсек, өӊiрде 897,5 мыӊ iрi қара, 3895,3 мыӊ қой, 314,6 мыӊ ешкi, 243,9 мыӊ жылқы, 24,1 мыӊ түйе және 2637,6 мыӊ үй құсы бар. Тәуелсiздiктен кейiнгi алғашқы кезеӊдерде ауыл шаруашылығыныӊ iшiнде егiн шаруашылығыныӊ үлесi басым болатын. Яғни өӊiрде мал өнiмдерiнiӊ өндiрiсi күрт азайып кеттi. Бүгiнде жағдай бiршама тұрақталды. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жүйелi жұмыстардыӊ нәтижесiнде бұл салада iлгерiлеушiлiк пайда болды. Қазiргi таӊда егiн мен мал шаруашылығыныӊ арақатынасы онша алыс емес. Мәселен, 2016 жылдыӊ 9 айында дихандар тапқан табыс 168,6 млрд. теӊгенi құраса, малшылар қауымы 150,3 млрд. теӊге пайда түсiрдi.

Оӊтүстiк экономикасын құраушы басты сала ауыл шаруашылығы десек, бұл салада 319,6 млрд. теӊгенiӊ өнiмi өндiрiлдi. Аграрлы өӊiрде ауыл шаруашылығы өндiрiсi де жылдан-жылға артып келедi. Өткен жылғы және биылғы жылдық  көрсеткiштердi салыстырғанда алынған өнiм көлемi 0,7 пайызға өскен. Қаӊтар-қыркүйек аралығында тiрiдей салмақта 146,3 мыӊ тонна ет, 565 мыӊ тонна сүт, 232,3 млн. дана жұмыртқа өндiрiлдi. Бұл өнiмдердiӊ биылғы көлемi былтырғымен есептегенде анағұрлым көп. 2016 жылғы 1 қазандағы статистикалық есеп бойынша облыста тiркелген шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiӊ саны 178,5 мыӊ адамды құрады. Ал, шағын және орта бизнесте тер төгiп, нанын жеп жүргендер саны 329,3 адамға жеттi. Тауар өндiру, қызмет көрсету саласын қосқанда шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерi 6 айда 334,5 млрд. теӊгенiӊ өнiмiн шығарып, пайда тапты.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608