Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2953 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:42

Облысы әкімдігінде 2016 жылдыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

Ол жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысқан.  Күн тәртібінде облыстыӊ 2016 жылдыӊ соңғы айлардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, "Нұрлы жол" және "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламаларыныӊ орындалу барысы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Р.Мулкеманов есепті мерзім ішінде өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 574,2 млрд. теӊгені құрап, ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнімі 319,6 млрд. теӊгеге, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 125,3 млрд. теӊгеге жеткенін баяндады. Десе де, басқарма басшысыныӊ айтуынша, өӊірге инвестиция тартуда нәтиже төмен. Яғни, 9 айда негізгі қорға 240,8 млрд. теӊге инвестиция бағытталып, 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне 82,4% құрады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы С.Полатов биылғы жылға жоспарланған 14 нысанныӊ 7-нде құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сай жүріп жатқанын жеткізсе, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 жобаны іске асыру жоспарланғанын айтқан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы М.Марайым бөлінген қаржыныӊ 96 пайызға игеріліп, жұмыстар жыл соӊына дейін толық орындалатынын баяндады.

Селекторлық отырыста "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасыныӊ орындалу барысы бойынша баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Ә.Темірбаева жыл басынан бері 54570 адамға бағдарлама қатысушысы ретінде қолдау көрсетілгенін хабарлады. Оныӊ ішінде, 19965 адам өздігінше жұмыспен қамтылып, жылдық жоспардыӊ 113 пайызын құраған.

Баяндамашыларды мұқият тыӊдаған аймақ басшысы күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, Жансейіт Қансейітұлы экономикалық индикаторлар бойынша жұмыстардыӊ тиісті деӊгейде орындалып, облысқа қаржы тартуда инвесторларға жағдай жасалу қажеттігін атап өтті. Құрылыс нысандарын салып, коммуналдық жүйелерді реттеуде мерзімінен кешіккен мердігерлерді анықтап, жалпы тізімнен шығаруды айтса, жұмыспен қамту мәселесінде берілген тапсырмалар орындалмай жатқан аудан, қалалардыӊ тізімін жасап, әкімдіктіӊ аппаратына беруді тапсырды.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2086
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2154
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1613