Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3830 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:48

Қазығұрт аудандық дихандар 20 мыӊ тоннаға жуық көкөніс жинады

Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі 90 гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық дихандар 19875 тонна көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат еӊбек етеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардыӊ бірі "Рахмат ата" шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде "Атия" қызанағы мен "Туми" қиярын егіп, бүгінде екінші кезеӊніӊ дақылдарын жинауда.

Тұрбат ауылыныӊ халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердіӊ әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.

Айта кеткен жөн, аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтуде.

Айта кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысы еліміздегі еӊ ірі ауыл шаруашылығы орталықтарыныӊ бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 пайызы осы біздіӊ облыста орналасқан. Олардыӊ жалпы көлемі 1 мыӊ гектардан асады.

Биыл Түлкiбас аудандық бағбандар үшiн де қолайлы жыл болмақ. Өткен жылы 9 мыӊ 800 тонна өнiм жинаған шаруалар бүгiнгi күнге дейiн 12 мыӊ 500 тонна алма терiп үлгердi. Алдағы күндерi тағы 15 мыӊ тонна өнiм жинауды жоспарлап отыр.

Баулардыӊ берекесiн көрген "Көктал" шаруа қожалығы мен "Кентау" ЖШС-iн айрықша айтуға болады. Өйткенi, шаруашылықтар бақ баптауда алдыӊғы қатарлы елдердiӊ, оныӊ iшiнде Түркия, Польша мемлекеттерiнiӊ соӊғы үлгiдегi озық тәжiрибелерiн пайдаланып, сол елдердiӊ мамандарын шақырып, үйрендi. Соныӊ арқасында 230 гектар алма бауы бар "Көктал" шаруашылығы биыл 5 мыӊ тонна алма жинауды межелеп отыр.

Осылайша, Түлкiбас ауданын жемiс-жидектi аймаққа айналдыру туралы бастамаға орай көптеген жұмыстар атқарылуда. Алма өсiруге ниет бiлдiрген ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қосымша жер телiмдерi берiлiп, бау көлемi ұлғайтылды.

Бүгiнгi таӊда аудандағы барлық алма бағыныӊ көлемi 3115 гектарды құрап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1622