Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3052 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 13:39

1991 жылы 163,4 мыӊ тонна, ал биылғы жылы - 866 мыӊ тонна көкөніс жиналды

Оӊтүстік Қазақстан облысында 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. 

Оныӊ айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудыӊ арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардыӊ егіс көлемі 73 мыӊ гектардан 80 мыӊ гектарға, бақша 49 мыӊнан 59 мыӊ гектарға, ал көкөніс 27 мыӊ гектардан 40,4 мыӊ гектарға, картоп 9 мыӊ гектардан 15,3 мыӊ гектарға артқан. Сондай-ақ, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

 

Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен - 470 мыӊ тонна астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га құраған. Ал 1991 жылы астықтыӊ түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оӊтүстік шаруалары өздерініӊ еӊбекқорлығымен Қазақстанныӊ Тәуелсіздік кезеӊіндегі еӊ үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

"1999 жылдыӊ аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеӊшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардыӊ саны 70 мыӊнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттіӊ ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстыӊ нәтижесінде, 2010 жылдан бері мал шаруашылығыныӊ өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығыныӊ үлесі 55 % құрады",-деді басқарма басшысы.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608