Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4959 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 15:15

ОҚО: Шардара - аграрлы аймақ

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қоссейіт  ауылдық округінде  2,5 мыңға  жуық халық тұрады. Елдімекен  еншісінде 10 366 га жер бар. Біразы - суармалы жер. 70  га  алқапқа  тамшылатып суғару әдісімен егін  егілген.    Бұл аядай ғана ауыл үшін  жақсы  көрсеткіш.   Ауыл тұрғындары нарыққа бейімделіп,  жылыжайдың да қыр-сырын үйренді, деп хабарлайды "Абай ақпарат" порталының тілшісі. 

Көшербай Әлденеев, Қоссейіт ауылдық округінің әкімі;

-Қоссейіт ауылдық округінде «Жұмабек-Қаблан» шаруа қожалығы қолға алып отырған үлкен меже – жүзім шаруашылығын қолға алып отыр. Биыл 15 га межелеп отырмыз тамшыталып суғару негізінде. Құдай қаласа, былтырғы жылы да жақсы өнімдер алғанбыз, биыл да жоспарды артығымен орындауға біз атсалысып жатырмыз.

Қазір  «Қоссейіт» ауылдық  округінде  610  шаруа қожалық жұмыс істейді.  Ортақ өгізден оңаша бұзауды жөн көрген шаруалар енді тиімділігін түсініп, ірі  кооперативке  бірігіп  жатыр. Сондай іріленген шаруа қожалықтарының бірі – «Жұмабек-Қабланбек»  ұжымы.  Іріленудің  нәтижесінде  мемлекеттен несие алған. Қаржыға  техникалық құрал- жабдығын сайлап,  ісін  дөңгелетіп отыр.

Қонаш Әділбеков, «Жұмабек-Қабланбек» шаруа қожалығының механизаторы;

- «Жұмабек-Қабланбектің» 139 га жері бар. Оның 50 га-на мақта егілген, 15 га жүзім егілген, тағы да малымыз бар, қалған дақылдар жүгері, жоңышқа соны еккенбіз. Комбайнымыз бар Құдай қаласа. Осы комбайнмен теріп, жинап аламыз. Басқа шаруа қожалықтарға жәрдем береміз терім кезінде.

Сарғайып  бос  жататын сары  дала  жасыл  желек  жамылған.  Ауыл  ажарына  әр кіре  бастаған.  Енді, диқандар жеміс-жидектер мен жүзімнің көп жылдық екпелерін өсіруді қолға алмақшы. Әрекет бар жерде,  берекет бар,-дейді шаруалар.... 

Абай ақпарат

0 пікір