Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4373 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:28

Шетелдіктер Оӊтүстіктің шаруаларын қаржыландыруға ниет білдірді

Жылды табысты қорытындылаған Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары үшін тағы бір жағымды жаңалық бірқатар шетелдік шетелдік компаниялар ОҚО ауыл шаруашылығына инвестиция салуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы «Абай ақпарат» хабарлайды.

 "SASSTEX", "WKS Textile Solution" компаниясыныӊ құрылтайшысы Гелиджи Кристиан, "SCI France" инвестициялық компаниясыныӊ құрылтайшысы Акобян Граир, "Goldhein Investments" инвестициялық компаниясыныӊ құрылтайшысы Варагян Давид, "Goldhein Investments" инвестициялық компаниясыныӊ өкілі Тыныбек Ришат бастаған бірсыпыра инвесторлар осындай жаңалықтарымен бөліскен.

Осы ретте айта кетерлігі ОҚО әкім шетелдік кәсіпкерлерді заманауи жабдықталған мақта өӊдеу зауытын құру, жол құрылысы мен мал шаруашылығы, тері өӊдеу, сонымен қатар, ағаш-полимерлі материалдар өндірісініӊ желісін құру сынды ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырған болатын.

 

Өз кезегінде инвесторлар Швейцария, Франция мен Армения мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп бағытында әлемдік деӊгейде көшбасшы болып табылатын бірқатар жобалардыӊ бар екенін айтып, осы сынды жобаларды Оӊтүстік Қазақстан облысында да жүзеге асыруға болатынын айтты.

Сондай-ақ, олар облыс аумағындағы тері, мақта, қоқыс өӊдейтін зауыттарын құру және құрылыс материалдарын шығару, мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаларға қызығушылық танытты. Аталған жобаларды дамытуда тәжирибелерініӊ мол екендігіне де тоқталған.

Әлемдік нарықта көп жылдық тәжірибесі бар "SASSTEX", "WKS Textile Solution", "SCI France" "Goldhein Investments" серіктестігі кеӊ ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компаниялар болып табылады.

Abai.kz

0 пікір