Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2869 0 пікір 23 Қыркүйек, 2010 сағат 07:48

Жандос ақталды!

Қапыда американдық тәртіп сақшыларының қолына түскен қазақ жігіті Жандос Бақытбекұлы толығымен ақталып шықты. Порталымыз Жандостың мұхиттың арғы жағынан жазған хатын жариялап, белгілі бір дәрежеде мүдделі органдардың қазақ баласының тағдырына бей жай қарамауға  шақырып бақты. Енді міне, Лейк-Джордж қалалық соты айғақтардың жеткіліксіздігінен Жандосқа тағылған барлық айыпты алып тастапты. Бұл жайында сүйінші сұрап, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов хабар таратты. 21 қыркүйекте өткен сот тыңдауында оған төлқұжаты мен кепіл ақшасы қайтарылып берілген. Жандостың визасы 30 қыркүйекке дейін ғана жарамды саналатындықтан, Нью-Иорктегі еліміздің бас консулдығы оған елге тезірек қайтуға кеңес беріпті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1623
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1533
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1278
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1243