Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Елім-ай 5317 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:46

БАЙҚОҢЫР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Санкт-Петербургта өткен екі жақты кездесуден кейін Байқоңыр ғарыш айлағында ынтымақтасу концепциясына қол қойды.

Тараптар 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы Байқоңырдың мәртебесі жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі қаулыға қол қойды.

Бұл концепция жаңа бірлескен жобаларды қолданыстағы ғарыш инфрақұрылымында, атап айтқанда «Бәйтерек» жобасында жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдама 2050 жылға дейін қарастырылған.

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңырдың мәртебесі жөніндегі келісімге енгізілген өзгерістер бойынша қалада қазақстандық мемлекеттік органдарды көбейту көзделген.

Абай-ақпарат

0 пікір