Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4839 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:48

ОҚО: Жыл басынан бері өсімдік шаруашылығына 9,9 миллион теңге бөлінген

Биылғы Республиканың аграрлы аймағы саналатын Оңтүстік Қазақстан облысы үшін табысты қорытындыланғаны туралы жазған болатынбыз. ОҚО орталығы саналатын Шымкент қаласының ауылшаруашылық басқармасының желтоқсан айындағы қорытынды деректеріне назар аударсақ, биыл Шымкентте 20 миллион теңгеден астам ауыл шаруашылық өнімдері өндірілген екен. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.

2016 жылдың 12 айында Шымкентте атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің есебі бойынша Қала халқын ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен сапалы және толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында жасақталған үш жақты келісім – шарт негізінде, межеленген жоспардың орындалуын   қамтамасыз ету үшін бөлімде мал және өсімдік шаруашылығына ай сайын талдау жасалынып, оның ішінде әсіресе жылыжай, өсімдік шаруашылығында тамшылатып суару әдісін енгізу және т.б. бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген.

Соның нәтижесінде, 2016 жылдың  12 айында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 20 159 млн. тг. құрап, тапсырма   116,9 % орындалыпты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша – 9 891,0 млн.тг., мал шаруашылығы бойынша – индекс 9 918,3 млн.тг. орындалған.

Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан жеке және заңды тұлғаларға берілетін жеңілдетілген несиелерді алуына практикалық көмектер көрсетуге бағытталған шаралар жүзеге асырылған екен.

2016 жылы Шымкентте «Эпизоотияға қарсы шаралар жүргізу» бағдарламасына сәйкес  облыстық бюджеттен 76 012,0 мың тг. бөлініп, қазіргі таңда  75 665,3 мың тг. игерілген.

Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 27 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары атқарылыпты. 

Жыл басынан бері бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 40 бас ІҚМ және 77 уақ мал, жұқпалы эпидидимит ауруына оң нәтиже көрсеткен 2 бас уақ мал  мал сою бекетіне  («Замин» ЖШС)  қайта өңдеуге тапсырылған.

Abai.kz 

 

0 пікір