Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Деп жатыр 4216 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 09:45

БАЯН БАЙ ТАУЫП АЛҒАН БА?

Еліміздегі танымал продюсер Баян Мақсатқызының сіңлісі Бағым Мұхиденқызы инстаграм  парақшасында жариялаған сурет сынға ілікті. 


Таяу маңда шет елдің демалыс орындарының бірінде өз туған күнін атап өткен Баян ханымның инстаграмдағы суреті назардан тыс қалмады. Қалың көпшілік сұлу да сымбатты продюсердің қасындағы ер азаматтың кім болғанын білгісі келген екен. Біреулер Баян Мақсатқызының жаңа сүйіктісі шығар десе, ал  біреулер бұрыңғы күйеуіне ұқсатты. Ақыр соңы көпшіліктің көкейін тескен сұрақтың жауабын сіңлісі  Бағым Мұхиденқызы өзі жазған болатын. Суреттегі Баян ханымның қасындағы азамат Бағымның жолдасы болып шықты. Осылайша Баян десе қызу талқыға түсетін оқырмандар бұл жолы айтарға әңгіме таппай әзірге бір қызықтан құр қалды.

Дайындаған Бибігүл Жандарбекқызы

Abai.kz

0 пікір