Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3379 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 11:17

Ислам Кәрімовтің өлімі Өзбекстанда адам құқығын нығайтуы мүмкін

Құрама Штаттар мен Еуропада арзан беделге құмартқан жетекшілердің көбеюі адам құқықын қорғауға қауіп төндірді, әлемдегі барлық диктаторлар соны жақсы пайдаланып отыр. Бұл туралы Хьюман Райтс Вотч (Human Rights Watch - HRW) адам құқығын қорғау ұйымының баяндамасында айтылды.

World Report 2017 баяндамасы бойынша, жанжалға толы саяси науқаннан соң Дональд Трамптың билікке келуі, қарапайым құқықтарды жоққа шығаратын саяси күштердің Батыс Еуропада үлкен ықпалға ие болуы - соғыстан кейінгі жылдардағы адам құқығын қорғау жүйесіне қауіп төндірді.

"Күшті лидерлер" басқарады делінетін Ресей, Түркия, Филиппинде билік басындағылар өз авторитеттерінің қамын көбірек ойлайды, делінген Хьюман Райтс Вотч баяндамасында.

687 беттік баяндамада ұйым әлемнің 90-нан астам еліндегі адам құқығының жағдайы қамтылған. Атап айтқанда, Ресейде 2011 жылы халықтың наразылығынан соң елде қудалаулар көбейіп, сөз бостандығы мен жиналыс еркіндігін шектейтін заңдар қабылданды.

HRW баяндамасының авторларының пікірінше, 2016 жылы Орталық Азияда авторитарлық лидер Ислам Кәрімовтің қайтыс болуы - Өзбекстанда адам құқықтарының сақталуын сәл де болса нығайтуы мүмкін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар