Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3295 0 пікір 24 Қаңтар, 2017 сағат 10:30

Астанада араб журналистері текетіресіп қалды

Бүгін "Астана процессі" қорытындыланатын күн. Кеше басталған Сириядағы ахуалды реттеу әм Асад режімі жақтастары мен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыстарды доғару жөніндегі кездесудің қорытындысы белгілі болады. 

Сириядағы соғысты тоқтату мәселелері талқыланған бұл процесске Қазақстан қатыспады. Ресей және Түркия Президенттерінің ұсынысымен Қазақстан астанасында өтіп жатқан дөңгелек үстелге Дамасктің ресми билік өкілдері мен оппозициялық 15 ұйымның жетекшілері, Иран, Түркия, Ресей және АҚШ өкілдері қатысуда.

Бұл басқосуға Сирия оппозиция өкілдері Астанаға әскери (қарулы) делегация жіберген еді. Олардың жетекшісі болып Сириядағы "Джейш әл-Ислам" ұйымының қолбасшысы Мұхаммед Аллуш келген.

Осы жолғы Астанадағы кездесуде 6 жыл бойы бір-бірімен соғысып келген Асад жақтастары мен оппозиция өкілдері алғаш рет бетпе-бет кездесіп, бір үстелге отырды.

Кешегі күннің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген делегация мүшелері Астана процессінің соңында тараптар келісімге келу ықтимал екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Астана процессі кезінде араб журналистері текетіресіп қалған болатын. Оқиға, Сирияның БҰҰ-дағы ресми өкілі Башар әл-Джафари тілшілерге сұхбат беруге шыққан сәтінде орын алды.

Сәлден соң, Астана процессінің қорытындысы жарияланатын болады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір