Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5008 0 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 12:39

ҚАЙ ЕЛДЕ ӨТІП ЖАТҚАН УНИВЕРСИАДА?

Қазақтың өз елінде тілінің қадірі кеткені, тіпті, жылдан-жылға қолдану аясы тарылып, жойылып бара жатқаны туралы айтылмаған сөз қалмады. Бірақ өз елінде қазақтың айтқан сөзі «Ит үреді, керуен көшедінің» күнін кешіп отырғанын енді еш нәрсемен жуып-шая алмаймыз.

Бұл – қазақты қорлаудың, ал маған не істейсің деген тасырлықтың ең басты дәлелі. Бүгін «Алматы ақшамы» газетінен «Алматылықтар Универсиаданы 24 мекемеден тамашалай алады» деген хабарландыруды көрдік (26.01.2017). Қарап отырсақ, сол 24 мекеменің ішінде қазақша атауы бар бір мекеме жоқ екен.

Олар «Бочонок», «Дом», «Оранжевый верблюд», «Мастер Жигулев» «Вечное небо», «Базилик», «Гранат», «Бармглот», «Карлов мост» деген орысша, қалғандары түгел шетелдік атауы бар «мекемелер» екен. Ішімізден «өз елінде қазақ сияқты осынша намысынан айрылған ұлт жер бетінде жоқ шығар, біттің ғой қазақ» дедік те жүре бердік. Қолдан келер қайран жоқ. Тіпті, осы сөзің үшін-ақ террорист, исламист, Сирияға барғысы келген атанып кетуің де мүмкін ғой. Ал «Алматы ақшамындағылар» бұл қалай деп бір ауыз сөз айтпай осыны қуана хабарлап отыр ма екен?

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір