Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Деп жатыр 5365 0 пікір 8 Ақпан, 2017 сағат 16:22

ТӘУЕКЕЛ МҮСЛІММЕН СҮЙІСКЕН ЖАНАР ДҰҒАЛОВА СЫНҒА ҰШЫРАДЫ.

Жанар Дұғалованың күні кеше көрерменге жол тартқан "Ала кетпедің" атты әніне түсірілген бейнабаяны тыңдарман қауымға жақпай қалды деп хабарлайды Gakku арнасы.

 

Бейнебаянның түсірілім жұмыстары өткен жылдың қараша айында өткен. Дұғалова жаңа туындыны желтоқсан айында-ақ шығарамын деп уәде еткен еді. Алайда біраз қиындықтарға байланысты бейнебаян тұсауы сәл кешірек кесілді. Оған бір себеп клипте компроматты кадрлардың болуы. Ашып айтсақ, бейнебаянда Жанар Дұғалова оттың ортасында тұрып актер Тәуекел Мүсіліммен сүйіскен. Сол себепті Дұғалова аталған кадрларды бейнебаянға қосу не қоспауды бір ай бойы ойланған. Ақырында әріптестері мұның өнер екенін айтып, әншіні көндірген.

Тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ. Мұны тек екі адамның арасындағы махаббат, баянсыз махаббат ретінде қабылдаңыздар. Әрине, біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді, сын айтады. Оған дайынмын”, – деп түйіндеді Жанар.

Ал тыңдармандардың пікірі Жанардың өзі күткендей екіге бөлінді. Кейбіреулер қазақ қызының ел алдында жігітпен сүйіскенін ұятқа баласа, ендігілер өнер туындысына “жауһар” деп баға берді. Айтпақшы, шоу-бизнестегі сұлулардың біразымен сүйіскен Тәуекелге астарлап қалжыңдағандар та табылды.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 87
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 40