Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 10852 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 12:37

МҰҚАҒАЛИ


Ағылып-төгіліп, жарылып-сөгіліп, аңқылдап-жарқылдап жазып-жазып өтті де кетті! Тағы тамсандым. Мына өлең!.. Тіпті тұла бойыңды тулатады. Жары бала тапқанын естігенде қуанбайтын әке бар ма?!. Бірдеңе айтқысы келеді, айтады. Іштей айтады бірақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үйреткен дұғаның орны әрине биік! Біреулер бірдеңе жазғысы келеді. Бірақ тілі байлана береді. Өзім де жазғым келген. Жүрегің аузыңа тығылған алапат қуаныш! «Бұл сезімді қағазға түсіру мүмкін емес» дегем. Мүмкін екен. Оны ақынның ақыны жазады екен!

Жарының жарық дүниеге перзент әкелгенін естіген Мұқағали былай жазыпты:

Иә, Алла бердің бе, 

Бермедің бе?!

Иә, Жаратқан көрдің бе,

Көрмедің бе?!

Шырылдаған үніңнен 

айналайын,

Шыныменен өмірге 

келгенің бе?

Қызым болсаң – 

Қырымда құралайсың,

Ұлым болсаң – 

Ұлы бір мұрадайсың.

Естідің бе есі жоқ, ей дүние,

Менен неге сүйінші

сұрамайсың?!

 

Жалғыз едім таста өскен

шыршадайын,

Жабырқаушы ем дауылда

сынса қайың.

Су боп кетпей неге тұр

қос жанарым,

Ну боп кетпей неге тұр

қу самайым?!

Міне, нағыз адам, нағыз қазақ, нағыз ақын Алланың сыйын осылай қабылдайды екен! (Бұл жерде Алланың сыйын алғысы келмейтіндер мен қоқыс жәшігіне лақтырып тастайтындар туралы ештеңе айтқым келмейді. Сол үшін де тақырыпта «барлық әке» деп алдым. Ал, Алла өзі бермей жатса оның әңгімесі бөлек. Мүмкін өзге сый берілер, мүмкін оған сол қайырлы, мүмкін... Алла ғана білуші. Айтайын дегенім ол емес.)

Айтпағым – Мұқағали! Жомарт Алланың сыйын аңқылдап қарсы алған мәрт мүміннің жүрегі!
Барлық өлеңін оқыған секілді едім, төте жазумен жазылған бір кітапта жүр екен, мына өлеңіне бүгін тап болдым. Тап болдым да «өзім өз уақытында айта алмаған үш шумақ өлең осы екен ғой» дедім. Және «Баласы өмірге келгенде барлық әке айтқысы келетін үш шумақ өлең осы екен ғой» дедім.

Ұларбек Нұрғалым

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1237
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1134
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 877
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1015