Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2965 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 17:20

Қазақстанның арнайы қызметі антитеррорлық бағдарлама жобасын жариялады

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) президент жарлығына сәйкес, 2017–2020 жылдарда «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеген.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, соңғы төрт жылда Қазақстан азаматтарын террористік ұйым қатарына тартпақ болған шетелден келген 546 адам елге кіргізілмеген. 2013 жылдан бері теракті жасалмақ болған 27 әрекеттің алдын алынған.

Бағдарламаны әзірлеген авторлар жыл сайын "экстремизм идеясын бөлісетін" азаматтарды бес пайызға төмендетіп отыруды қарастырған. Сонымен бірге жобаға сәйкес, елде қоғамдық орындарда бейне камераларды көптеп орнату қарастырылған екен.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624