Жұма, 17 Мамыр 2024
Мәйекті 5421 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 19:00

ЕРЛАН ҚАРИН «ҚАЗАҚСТАН» ТРК ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Телерадиокорпорация және оның құрамына кіретін ақпараттық агенттіктер мемлекеттік саясатты насихаттайды. «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорация құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» телеарнасы, «Балапан» телеарнасы, «Мәдениет» телеарнасы, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосын және де аймақтық телерадиокомпаниялар кіреді.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин – мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым. 2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарды.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624