Сенбі, 18 Мамыр 2024
Әттең... 6302 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 02:58

МЕНТАЛЬДІ АРИФМЕТИКА ДЕГЕН - ЦИРК

 

 

Дүниеде пайдасыз нәрсе көп қой. Мысалы темекі. Ол пайдалы ма? Жоқ, бірақ бәрі тартады. Ментальді арифметика пайдалы ма? Жоқ. Ол да темекі сияқты керек емес өнердің біреуі.

Дәлірек айтсақ, бұрын болған өнер. Бұдан жүз жыл бұрын ешқандай компьютер, калькулятор болмаған. Сол кезде жапондар мен қытайлардың ойлап тапқан өнері. Онда екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейтеді. Сіз оны бір минут көбейтесіз, ол отыз секунд. Ал не болыпты? Оны калькулятормен есептей салған оңай емес пе? Бас сол ақымақ есепті шығару үшін керек пе? Бас тірлік жасау үшін керек. Ал мұндай есеппен кім тірлік жасай алады?

Ал миды дамыту үшін ең керемет өнер – скрипка. Эмоцияға да, өзіңе де пайдалы. Шаршағаның басылады. Ал мына ментальді арифметика деп жүргендерінің 15 деңгейі бар екен. Оны он жыл оқиды.

Бұл біреудің Америкадан алып келген франшизасы. Біздің елдегі басшысы – бір түрік. Бірақ орталықтарына барып бастығын сұрасаң, кім екенін айтпайды. Солай үйретіп қойған. Мұғалімдердің жалақысын 50 мың теңгеден бастайды. Ебін тапсаң, көбейтіп аласың. Пирамида сияқты. Үстіндегісі ұтады, қалғаны ұтылады. Мұны үйрету үшін математик болудың қажеті жоқ. Екі-үш рет көрсең, өзің де үйреніп аласың. Сосын жүреді он жыл бойы. Бір деңгейі бәленбай мың теңге тұрады.

Адам да ақымақ емес қой. «Әй, мен он жыл оқығанда осыдан не ұттым?” деп ойлауы керек. Үш таңбалы санды үш таңбалы санға көбейттің. Оның не керегі бар? Мысалы, циркке барсаңыз, біреу мұрнына бұранда тығады. Сол өнер ме? Цирк үшін өнер шығар, бірақ пайдасы қанша? Оны көру үшін адамдар ақша төлеп келеді. Болды. Ақша табудың жолы. Мынау да сол сияқты. Көшеге шығып саусақтарыңмен бүйтіп-бүйтіп (қолымен көрсетті) тез- тез есептеп бересің. Ақымақ журналистер соны “оһ” деп телебағдарламаға шығарып жіберді. Ол өнер емес. Ол – цирк. Ғылымның маңайына да жоламайды....

Асқар Жұмаділдаев

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2334
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653