Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
46 - сөз 4902 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 10:48

АМАНДАСУ

Гүлжан ет зауытында жұмыс жасайды. Бір күні жұмысын аяқтап болған соң, ет сақталатын тоңазытқыштары бар салқын бөлмеге бірнәрсені тексеру үшін кірді. Бірақ, кері шыға алған жоқ. Есік сырттан жабылып қалды.

Қанша тырысқанымен есікті аша алмады. Есікті сырттан біреу ашпаса іштен аша алмайтынына көзі жеткен Гүлжан көмекке адам шақырып, бар дауысымен айқайлай жөнелді. Кешкі уақыт болған соң барлық жұмысшылар үйлеріне қайтып кеткен. Шарасыз қалған соң бар білетін дұғасын оқып Аллаға жалбарына бастайды.

Гүлжанның салқын тоңазытқыштың ішінде отырғанына бес сағат болды. Кенет есік ашылды. Бірден сыртқа жүгіріп шықты. Есікті ашқан зауыттың қарауылы екен. Гүлжан әрең дегенде сабырға келді. Есін жия бірден қарауылдан мұндай уақытта есікті неге ашқанын сұрады. Ол кісі: «Мен бұл зауытта жұмыс істеп жатқаныма отыз бес жылдай болды. Мыңдаған жұмысшылар келіп, кетіп жатты. Алайда, сол мыңдаған адамдардың ішінде тек сіз ғана менімен таңертең амандасып, кешкісін қоштасатынсыз. Көбісі мені көздеріне де ілмей, тіпті адам деп те санамайтын. Бүгін әдеттегідей таңертең сіз менімен амандастыңыз, алайда «Сау болыңыз, ертең кездескенше» дегеніңізді естімедім. Тек сіздің маған деген қарым-қатынасыңыздың арқасында өзімді адам ретінде сезінетінмін. Бірақ, бүгін сіздің қоштасу сөзіңізді естімегендіктен қобалжып, сізге бірдеңе болып қалды ма деп қатты уайымдадым. Міне, сондықтан мен фабриканы түгел тексеруге шықтым. Күдігім расталып, сіз мына салқын бөлмеде қамалып қалыпсыз», – деді.

Айналаңыздағы барлық адамды сыйлап, қарым-қатынасыңызды үзбеңіз. Себебі, сіз ертең не болатынын білмейсіз...

Алла Тағаланың төрт уәдесі:

1. Шүкір етсендер нығметімді арттырамын!

2. Мені еске алсаңдар сендерді еске аламын!

3. Менен тілесеңдер беремін!

4. Кешірім сұрасаңдар кешіремін!

Абдуллах Базарбек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2246
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1847
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1547