Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 3868 0 пікір 15 Ақпан, 2017 сағат 11:24

КОНСТИТУЦИЯ: ТЕКЕТІРЕСКЕ ЖЕТКІЗБЕУ КЕРЕК

Елдің ерек азаматтары құсап халықты құтқарып қалудың жолын іздеп, түн бойы көз ілмей жылаған жоқпын. Қара аспанды төндірмек ниетім және жоқ. Тек, өздеріңізбен пікір алмассам деген ой ғана, менікі. Иә, сол, 26-бапқа байланысты ғой. Дәл қазір одан қатты не ойлантуы мүмкін бізді? Қатты ойлантатын жөні бар. Ол - Конституция ғой өйткені. "Конституциялық дағдарыс" дейтін саяси ұғымды білесіздер. Конституцияға өзгеріс енгізетін сәтте туындайтын қайшылық қой. Негізі, онша жағымды дүние емес сол, қайшылық. Адамзат тарихында оның қанмен жазылған беттері көп. Тіпті, кеше ғана, 1992-93 жылдары Мәскеу көшелеріне танктер шеруін жасатып, Ақ үйді зеңбірекпен атқылатқан Конституциялық дағдарысты әзір ұмыта қойған жоқпыз. Сондықтан, Конституциялық дағдарыстың беті аулақ болсын дегім келеді. Бізде қазір Конституцияға енгізілмек өзгерістерге байланысты пікірталас өршіп келеді. Халықтың сана-сезімі бір жыл бұрынғыдан бөлек, қазір. Дәл сол 26-бапқа байланысты бейжай адам жоқ деп ойлаймын. Егер Конституциялық бапқа байланысты пікірталасты одан әрі өршіте берсе, дағдарысқа жетіп баруымыз да әбден мүмкін. Ал, бір дағдарыс бірнешеуіне себепкер болатыны белгілі. Сондықтан, оны өршітпей, қайшылықты тереңдетпей, бітістіретін жол тапқан дұрыс болмас па еді? Өткенде жас Алаштанушы ғалымдардың отырысында "Ақжол" партиясы мынадай ойын ортаға салыпты:
"26-ШЫ БАПТЫҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ЕКЕНДІГІ АТА ЗАҢДА ЖАЗЫЛУЫ ТИІС", депті партия жетекшісі Азат Перуашев. Бұл ұсынысты жиынға қатысқан ғалымдар қолдаған көрінеді. Конституциялық дағдарысты болдырмаудың, турасын айтқанда қақтығысқа, текетіреске жеткізбеудің бір жолы ретінде осы ұсынысты талқылап көрсек қайтеді?

Серік Жанболат, журналист

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1440
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1038
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1092