Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4041 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 17:40

Байқау! Қазақ тілін үйретудің төте жолы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

USTUDY ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІН КРЕАТИВТІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ 2017 жылдың 20-21 сәуірінде «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқау өткізілетінін хабарлайды.  Байқауға тіркелу 2017 жылдың 01 наурызына дейін kreativ.kz2017@gmail.com электронды мекенжайы арқылы қабылданады. Байқау Астана қаласы «КАЗГЮУ Университетінде» АҚ өткізіледі. Тіркелген ұстаздардың жұмыстарын қабылдау 2017 жылдың 27 наурызында сағат 18:00-де тоқтатылады.

Байқаудың мақсаты:

  1. Қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін анықтау;
  2. Қазақ тілін креативті оқытудың бірыңғай базасын дайындау;
  3. Мемлекеттік тілді үйретудің ерекше, қалыптан тыс тәсілдерін БАҚ арқылы көпшілікке насихаттау;
  4. Мектеп пен ЖОО ұстаздарының арасындағы байланысты арттыру.

Өткізілетін орны мен мерзімі:

2017 жылдың 20-21 сәуірі, Астана қаласы «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Қорғалжын тас жолы, 8-үй,  http://kazguu.kz

Байқауды ұйымдастырушылар:

«КАЗГЮУ Университетінің» АҚ  Қазақ тілін креативті оқыту орталығы, қазақ және орыс тілдері кафедрасы.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының кез келген ұстазы қатыса алады.

Байқаудың шарттары:

  Байқау екі кезеңнен тұрады:

 І кезең – қазақ тілді емес топтар мен сыныптарда  қазақ тілін креативті оқыту бойынша 15-20 минуттан тұратын шағын сабақ (микродәріс) үлгісін немесе тілді үйретудің кез келген түрін әзірлеу. Бейнежазбаны (avi, mp4 форматында) 27.03.2017 дейін жіберу керек (қосымша №2).  Бұл кезең сырттай өтеді. Үздік жұмыстардың авторлары 

 ІІ кезеңге жолдама алады. II кезеңге өткен сайыскерлердің тізімі сайтта жарияланып, тіркеуде көрсетілген электронды мекенжайға 10 сәуірге дейін жіберіледі.

 ІІ кезең: эссе жазу – 20.04.2017, сағат 9.00-де КАЗГЮУ Университетінің бас ғимаратында өтеді.

 Қатысушылардың барлық шығындары жіберуші мекеме есебінен қаржыландырылады.

Марапаттау:

 Марапаттау және бағалау екі категория бойынша: ЖОО және мектеп пен колледж ұстаздары арасында жүзеге асады. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде: 2, І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6.

Анықтама алу үшін:

Астана қаласы «КАЗГЮУ Университеті», Қорғалжын тас жолы, 8-үй, тел.: 8717 (2 702829), 87719999592 – Лаура Мұратбекқызы, 87759850398 – Мақпал Мүбәрәкқызы.

Абай ақпарат

0 пікір