Сенбі, 27 Сәуір 2024
Деп жатыр 4093 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 15:32

"ОСКАР" ОҢБАЙ ҰЯТҚА ҚАЛДЫ.

“Оскар” сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде жүргізушілер қателесіп “Ла-Ла Ленд” фильмін жылдың үздік киносы деп атаған.

 Ал шын мәнінде бұл атақты “Ай жарығы” картинасы иеленген екен. Америкалық режиссер Барри Дженкинс түсірген фильмде Майамиде өскен қара нәсілді баланың оқиғасы суреттеледі. Картинадағы басты рөлдерді Махершала Али, Наоми Харрис және Жанель Монэ сомдаған. Фильм “Оскар” сыйлығына сегіз аталым бойынша үміткер атанған еді. Актер Али “Екінші пландағы үздік актер” атағын иеленсе, Дженкинс “Үздік бейімделген сценарий” аталымын жеңіп алған. “Ай жарығы” бұған дейін де “Үздік драмалық кино” аталымы бойынша “Алтын глобус” марапатын да жеңген еді.

Қателікті голливудтік актер Уоррен Битти жіберді. Ол өзіне берілген конвертті ашып оқығанын ғана айтты. Осыдан соң ұйымдастырушылар болған жағдай үшін кешірім сұрады. Битти хабарлағаннан кейін “Ла-Ла Ленд” фильмінің түсірілім тобы сахнаға шығып, алғыс айту тілектерін бастап кеткен болатын. Оны кештің жүргізушісі Джимми Киммел тоқтатып, шын мәнінде бұл жүлдені “Ай жарығы” картинасының жеңгенін айтады. Осылайша “Оскардың” 14 аталымына да рекордты түрде үміткер атанып, үздік фильм бойынша басты фаворит атанған “Ла-Ла Ленд” небәрі алты жүлдемен ғана шектелді. Оның режиссері Дэмьен Шазелл үздік режиссурасы үшін бас бәйге алды.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір