Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3664 1 пікір 2 Наурыз, 2017 сағат 15:49

"Жасыл ел" бағдарламасына бөлінген 10 миллион теңге жымқырылған

Қостанайда "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша ойдан шығарылған адамдарға фиктивті жәрдемақы рәсімдеп, 10 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz.

Қостанай облыстық экономикалық тергеу қызметі "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру қылмыстық сызбасын анықтаған. Қаражаттың негізгі бағыты жастардың жұмыспен қамтылуы және қаланы көгалдандыруға жұмсалу керек болған.

Тергеу мәліметінше, Қостанай облыстық "Жасыл Ел" филиалының директоры бастаған қылмыстық топ 2014-2016 жылдары арасында ойдан шығарылған адамдарға фиктивті жәрдемақы рәсімдеп, 16 миллион теңгеден аса қаражатты жымқыруды жоспарлаған", - делінген хабарламада.

Ұстау барысында Қостанай облыстық МКД ЭТҚ-нің өкілдері 10 миллионнан аса теңге тәркілеген. 

"Осы іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке жеті адам тартылған, басшы мен негізгі орындаушы қамауға алынған. 8 миллион теңге болатын мүлік пен қаражат тәркіленген, 2 миллион теңге мемлекетке өз еркімен қайтарылған. Қылмыстық істің тергеу шаралары аяқталып, іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. 

Abai.kz

1 пікір