Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Деп жатыр 5012 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 14:32

АЛАГӨЗОВ «АЙРЫЛЫСАМЫН» ДЕП ЖАТЫР

Саржағаладана бастаған баспасөз бен әлеуметтік желіліредің трендіне айналып үлгерген продюсер, актриса, әрі тележүргізуші – Баян Мақсатқызымен бас құрап жатқан Алагузов Түрсенгали некедегі қосағы Ляйсара Алагузовамен бүгін заңды түрде айрылыспақшы. Осы арада кейіпкерлеріміздің аты-жөні мен сойы туралы бірер сөз. Бұл өзі «Алагузов» деген қандай фамилия? «Түрсенгали» дейтін қазақта есім бар ма? Жалпы өзі Алагузовымыз қазақ па, әлде басқа нәсілден бе? Егер қазақ болса, оның атасының аты «Алагөз» немесе «Алаөгіз» болуы мүмкін. «Түрсенгалиіміз» «Тұрсынғали» шығар деп шамалаймыз. Ал, енді Ляйсарамыз кім? Ләйсара ма, Жәйсара ма? Түсінбедік. Ныспылары түсініксіздеу бұл адамдардың тірліктерінен де ештеңе түсініп жарытпайсыз. Түрсенгалидің сөзіне қарағанда,  былтырдан бері ол Ляйсарадан төсегін бөлек салып, бірге тұрмайтын көрінеді. Қысқасы, Баянмен көңіл қосқан. Ляйсарадан туған балалары ер жетіп, кәмілетттік жасқа толып қойыпты. Екеуара дүние-мүлікті де бөлісіп алғанға ұқсайды. Бірақ, Ляйсара Алагөзова заңды түрде «ажыраспаймын» деп, Түрсенгали Алагөзов «ажарысамын» деп, өткен жылдан бері ала өкпе болып жүр. Ляйсара келісімін бермеген соң Түрсекең Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, бұрынғы неке куәлігінің көшірмесін жасатып, сотқа шағымданыпты.

«14 ақпан күні мен сотқа біржақты арыз түсрдім. Сот отырысы 4 күннен соң болды. Сот отырысында судья маған: «Әйеліңіз татуласуды сұрады, ажырасқысы жоқ сізбен» деді. Мен: «Жоқ, татуласу, қайтадан қосылу деген болмайды» дедім. Содан соң судья: «Жақсы, ендеше 9-наурыз күні келіңіз» деді», - дегенді айтып отыр Алагөзов.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1600
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1220