Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 8072 0 пікір 13 Наурыз, 2017 сағат 08:09

"КУРТКА" МЕН "ҚҰРТҚА"

Баяғыда үйде арғы атамнан қалған қасқыр ішік болды. Қыстың қақаған аязында атшанамен ауданға барғанда әкем үнемі соған орап тастайтын. Біз ішінде қыз-қыз қайнап жата береміз.

Сол ішік кейін далада жайылып тұрғанда жоғалып кетті. Негізі осы қасқыр ішік ұлттық бренд жасауға сұранып тұрған дүние. Өткенде базардан қанша қарасам да, қасқыр ішік сататындарды таба алмадым.

Айтпақшы, ұмытып барады екем, осы мына орыстың «куртка» деген сөзі де біздің қасқыр ішіктен келіп шыққан ба деймін. Қасқырдың ұрғашысын «құртқа» дейді ғой. Ордалықтардың кезінде қасқыр мен басқа да бағалы аңдардың терісі саудаласқан кезде ақшаның орнына жүрген. Қасқырдың қаншығының терісін «құртқа» деп атап, одан орыстың «курткасы» келіп шықпасына кім кепіл?!

Олар біздің талай дүниеміздің осылай «тонын айналдырып» киіп жүр ғой...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір