Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3285 0 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 11:16

Алматы облысында Наурызға тарту ретінде онкүндік жарияланды

 

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай мәлімдеді.   

12-22 наурыз аралығында облыс бойынша «Бірлік», «Тағзым», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Өнеге», «Салауат», «Ұлыстың ұлы күні» және «Қайырымдылық» деген 7 бөлімге топтастырылып, онкүндік жарияланды.

Наурыз мейрамы бүгінде егемен елімізді мекен еткен 130 ұлт өкілдерінің ортақ мерекесіне айналды. Ата-бабамыздың озық дәстүрін жалғастыру мақсатында бұл күндері ағаш отырғызу акциялары, қайырымдылық шаралары өткізіледі. Облысқа қарасты барлық аудан, қалалардағы әкімдіктер тұрғындарға мерекелік бағдарламалар әзірлейді.

Нақтырақ айтар болсақ, кеше, яғни 14 наурызда онкүндіктің беташары Талғар ауданында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбындағы көшпелі жиынмен ашылды. Одан кейін Панфилов ауданында Қазақстанның  ұлттық  ХШ жастар дельфийлік ойындарының ашылуы ұйымдастырылып, Райымбек ауданында М.Мақатаев атындағы республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді.

- 21 наурызда Еңбекшіқазақ ауданында көлемді екі шара, яғни  жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіштің және  Есік қаласында жастарға арналған саябақтың ашылуы жоспарланған. Тағы бір үлкен шараларың бірі - кәріс халқының Қазақстанды мекен еткеніне 80 жыл болған құрметіне орай 22 наурызда Кореядан делегаттар келеді. Осы күні облыс орталығы - Талдықорған  қаласында  қаз-қатар 30 киіз үй тігіліп, наурызкөже таратылады. Осы орайда айта кетейік, өткен 1 наурыз – Алғыс айту күні облыс бойынша 600-дей адамға 9 млн. теңгеден астам қаржыға бағаланған қайырымдылық шарасы көрсетілді. Осы онкүндік шеңберінде де талай ағайынға нақты көмектер ұйымдастыралады деп отырмыз, - деді Ғ.Тұрсынбай.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2475
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1674