Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3383 0 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 14:51

Депутат көшелерде тастанды балаларға арналған қорап орнатуды ұсынды

ҚР Парламент Мәжілісіндегі "нұротандық" депутаттар бүкіл елде тастанды балаларға арналған қораптар орнатуды ұсынып отыр. Мұндай бастаманы жуырда ғана Астананың атауын "Елбасы" деп өзгерткісі келген депутат Бақытгүл Хаменова Премьер-министрге жолдаған сауалында көтерген, - деп жазады sn.kz.

«Бұрын қазақтың аналары балаларын бұлай көшеге тастамаған, бұл біздің менталитет үшін жат. Өкінішке қарай, қазір мұндай оқиғалар көбейіп кетті, сәбилерді қоқыс жәшіктерінен және қоғамдық орындардан тауып алып атырмыз. Мұндай жайттар республиканың барлық аумағында кездесіп отыр», - деді депутат.

Оның айтуынша, биылдың өзінде баланы тастаудың 8 дерегі тіркеліпті.

«Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 119 бабы "баланы қауіпті жағдайларда қалдырып кету" фактісі бойынша ішкі істер органдары 15 іс қозғады. 2017 жылдың 3 айында 8 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар өсіп жатыр. Қыздар ұрпақ жалғастыруы тиіс. Қыздарымыздың тәрбие-өнегесі - болашақ буынның тағдыры», - дейді Хаменова.

Оның пікірінше, балаларды қоқыс жәшігінде өлтірмеу үшін көшелерге шетелдегідей бэби-бокстар орнату керек.

«Кейбір елдерле "үміт бесігі" - бэби-бокс деген бар. Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және қоғамдық ұйымдарға күш біріктіретін уақыт жетті. Осындай "үміт бесіктері" көптеген батыс елдерінде медициналық мекемелердің жанында орнатылады. Осылайша, мыңдаған нәрестенің өміріне араша болды. Аталмыш бокстарды орнату орын алған жағдайды шеше алар еді», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672