Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3607 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 10:27

Ереванда Президент Жолдауына қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылдың 2 наурызында Ереван Мемлекеттік университетінде Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын насихаттауға арналған «Мемлекеттік реформалар мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында және еліміздегі конституциялық өзгерістерге арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Бұл «дөңгелек үстелдің» жұмысына Арменияның мемлекеттік органдары, академиялық, сараптау және іскер топтары мен жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің өзектілігі - осы жылдың сәуір айында Арменияда өтетін парламенттік сайлау барысында елдің жаңа қабылданған Ата заңына енгізілген өзгерістеріне сәйкес, елдің парламенттік басқаруына көшуімен анықталады.

Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларды еліміздің сыртқы және ішкі өзекті саясатымен таныстырып, қазіргі уақыттағы іске асыру негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, елдің экономикасын кешенді жетілдіру және контитуциялық үлгінің логикалық жаңарту стратегиясы бәсекелікке қабілетті жаһандану мен халықаралық кооперация жағдайында жалғастырылатынын атап өтті. Бұл жаңалық біздің Елбасымыздың билікті басқару өкілдігін қайта бөлуімен, бұған қоса Жолдаудың басты бағыттарымен еліміздің экономикалық түзетіміне шартталған.

Дөңгелек үстелде сөз алған Армения Парламентінің депутаты А.Бабуханян қоғамдық жоспарлау негізінде және қабылданған шешімдердің практикалық іске асыруында Қазақстандағы алға бағытталған жағымды дамуды атап өтті. Осы бастамаларға түсінік беру мақсатында, Жолдауда көрсетілген бастамалардың тек Қазақстанға ғана емес, басқа да қазіргі кезеңдегі жаһандық шақырудың алдындағы өтпелі экономикасы бар елдерге де маңызды екенін баса айтты.

АР Әкімшілік сотының төрағасы К.Матевосян Қазақстандағы елдің экономикасындағы шағын және орташа бизнестің құқығының қорғалуына тоқталды. Елдегі жүріп жатырған реформалардың іске асуын маңызды деп атап, оның жеке меншіктегі құқықты сақтауына, заңның ұлылықтығы мен барлық азаматтардың заң алдында құқығының бірдей екендігіне тоқталды.

АР Конституциялық сотының өкілі мемлекеттік құрылыстағы қазақстандық қадамдардың жүйелілігін атап өтіп, елдегі саяси реформалардың жүргізілу пішініне тоқталып, бұған қоса Қазақстан мен Арменияның конституциялық бақылаулар барысында тиімді тәжірибе алмасуға дайын екендігін атап өтті.

Негізінен осы «дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктеріне жоғарғы баға берді.

Қатысушыларға Елшіліктің күшімен армян тіліне аударылған конституциялық өзгерістер мен Жолдаудың кітапшасы, Қазақстан туралы кітаптар мен басқа да материалдар таратылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2483
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1675