Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3701 0 пікір 21 Қараша, 2016 сағат 07:48

ӘКІМДІ ҚАРҒА БОЛА СЫНАП, ІСІН ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙДЫ

Мына суреттерді көріп, балалық шағым есіме түсіп кетті. Оңтүстікте Түлкібас деген аудан бар. 90-жылдары ол жердегі қардың биіктігі 1.5 метрге дейін жететін, есіктер ашылмай қалатын, себебі таудың етегінде орналасқан соң, қар сұмдық жауатын еді.

Кеше Алматыда қар жауғаны туралы ерінбегеннің бәрі жазды. Таудың баурайында орналасқан қалада қардың жөп жауғаны табиғи құбылыс, осындай кезде бәріміз шулай бермей, кішкене клавиатурадан алыстап, далаға шығып, әлеуметтік белсенділігімізді осы жігіттер сияқты көрсетсек, кішкене болса да қоғамның дамуына атсалысқан боламыз және өмірдің бір қызық сәтіне куә болар едік. Құрығанда үйіміздің алдын қардан тазалап, табиғат бізді сынап жатқанда, бір-бірімізге көмектесейік.

Астанадағы -34 градус суықты көріп, Алматым айналайын екен деп қалдым. Табиғаты жағынан Алматыға жететін Қазақстанда қала жоқ. Қардың көп жаууы қаланың кемшілігі емес, керісінше артықшылығы. Ал әкім мырза шыны керек, біраз салада жақсы жұмыстар атқарып жатыр, оның бүкіл жұмысын қармен ғана сынауға, жоққа шығаруға болмайды.

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір